Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Nur Otan» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасы жарияланды

AstanaTV
08.09.2020ж. 20:00
2087
«Nur Otan» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасы жарияланды

«Nur Otan» партиясының 216 өңірлік сайлауалды бағдарламасы дайын. Ол "Primaries.kz" сайтында жарияланды. Кез-келген адам аталған сайтқа кіріп, өзі тұратын өңірді дамыту үшін алдағы 5 жылда жасалатын жұмыс жоспарларымен таныса алады. Танысып қана қоймай өзгерту енгізуге болады.  Мақсат - жергілікті тұрғындардың қатысуымен аумақтағы өзекті проблеманы тауып, оны шешу. Бұрын партия сайлауға жалпы республикалық бір сайлауалды бағдарламамен баратын. Қазір Елбасының тапсырмасына сәйкес 216 өңірлік сайлауалды бағдарламаның жобалары әзірлеп отыр.

Ерлан САЙЫРОВ, "NUR OTAN" ЖАҚТАСТАРЫ ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
   
Қазақстанның 216 аймағына дайындаған өзінің сайлауалды платформасы бар. Міне, осы платформаны праймериздің айналасында халықпен бірге ақылдасып және сол аймақтың экономикалық, басымды проблемаларын шешудің жолдарын қалыптастыратын жаңа тұрпаттағы программа пайда болуы мүмкін.

Ә. Өмірзақ