Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Алматы облысында атыс болды

AstanaTV
09.09.2020ж. 20:00
3889
Алматы облысында атыс болды

Алматы облысында атыс болды. Тұрғындар түн ортасындағы келеңсіздікті таспаға түсіріп алған.  Сорақысы сол келеңсіздік тұрғын үй кешенінің ауласында орын алды. Қазір осы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы ер адам қамауға алынған.

Бұл - Алматының іргесіндегі «Асыл арман» тұрғын үй кешені. Түн тыныштығын бұзғандар, ешкімнен тайсалмайтын секілді. Таспаға түсіргендер аулада оқ атылып жатқанын айтады. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. Тұрғындар сыраханаға келген жастар түннің 2 жарымында атыс-шабыс жасады дейді.

Динара ДҮЙСЕБАЕВА, «АСЫЛ АРМАН» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Мына жерде бізде атыс болды. Түннің жарымында ұйықтап жатқанда оянып шудан. Шықсам 5-6 бала жас балалар жүр екен. Және пивнушканың хозяйкасы, жұбайы барлығы бір-бірмен ұрсысып жатыр. Өте жиі болады. Былайша күнделікті. Оның алдында пышақтау да болды.


Бұқара мұндай келеңсіздіктен мезі болған. Олар аулада айқай-шу жиі болатынын айтып шағымданды. Демалыс орындарына келетіндер ішімдік ішіп, жаға жыртысатын көрінеді.     

Мәулетхан ЗӘКӘРИЯҰЛЫ, «АСЫЛ АРМАН» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Машинасымен келеді, музыканы қатты қойып қояды, бұл жерде кәрі шалдар бар, кәрі аурып жатқан кемпірлер бар. Жас балалар бар олар ұйқыдан шошып оянады. Бұл жердің басшысын өзгерту керек.

Ауладағы сырахана қожайындары тұрғындардың уәжімен келіспейді. Тіпті атыстың болғанында жоққа шығарды. Олар карантин режиміне сай жұмыс жасап жатқандарын айтып ақталды.
 
Мұса НӘБИЕВ, ДЕМАЛЫС ОРНЫНЫҢ ӘКІМШІСІ:

Мен мұнда атыс болғанын білмеппін. Біздің сырахананың алдында болған дейді. Білмеймін естімедім. Сырахананы түңгі сағат 11 де жауып тастаймыз. Жанымыздағы дүкендер мен басқа сыраханалрда солай жасайды.

Ал, тәртіп сақшылары келеңсіздіктің түн ортасында болғанын растады. Тіпті әкімшілік құқық бұзушылық дерекпен іс қозғаған. Бірақ полицияда атыс болмады деп отыр.
   
Ақбота ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Анықталғандай сол жердің жергілікті тұрғыны 1994 жылы туылған азамат пиротехникалық заттарды тұрғын үй аумағында яғни аулада қолданған болып шықты. Аталған ер адамға қатысты ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 439-бабының 2-ші бөлігі бойынша әкімішілік материал қозғалды.


Бұқара ауладағы демалыс орындарын көшіру тұрулы құзырлы мекемелерге бірнеше рет хат жазған. Алайда "еститін Үкіметте" құлақ асар жергілікті атқамінерлер табылмағанына күйінеді.

Арғынбай РЫСАЛДИЕВ, ПИК ТӨРАҒАСЫ:
 
Бізде пивной барлар бар. Оларға біз анда-санда Іргели акиматымен бірге рейд жасаймыз. Халықтың өтініші бойынша. Біз әр жерге хат жаздық. Аудан әкіміне. Аудан ровдысына. ЧС—ке. Бізге патрульирование керек негізі.  

Жалпы «Асыл Арман» тұрғын үй кешенде 20 мыңнан астам халық тұрады. Мұнда компьютерлік клубтар мен дүкендердің түр-түрі ашылған. Сырахананың да жеті нүктесі бар. Халық оларды жаппайынша, тыныштық орнамайтынын жақсы біледі. Ал, жабу әзірге мүмкін болмай тұр.

Ә. Лесбек