Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Маңғыстау облысында әскерилерге арналған госпиталь салынбақ

AstanaTV
10.09.2020ж. 20:00
1602
Маңғыстау облысында әскерилерге арналған госпиталь салынбақ

Маңғыстау облысында әскери госпиталь салынады. Ондағы мақсат горнизондағы әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Бұдан бөлек аймақта сүңгуірлер дайындайтын оқу-жаттығу орталығын ашу жоспарланып отыр. Ол үшін алдымен инфроқұрылым тарту ісі қолға алынбақ. Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысының айтуынша, бұл бастаманың барлығы жауынгерлік жұмыстың сапасын арттыру үшін қажет. Тілшіміз тақырыпты тарқатып берсін.

Сүңгуірлерді шыңдайтын жаңа орталықта бірнеше курстар оқытылмақ. Атап айтар болсақ, әскерилер арасынан суда жүзушілерді әзірлеу, жеңіл сүңгуір және парашюттік-десанттық даярлық топтары болады.  Тіпті су асты инженерлік жұмыстары мен шағын көлемді кемелерді жүргізетін мамандарды да осында  машықтанбақ.  

Өңірдегі әскери әуеайлақты қайта жөндеу жұмыстары да қарқын алмақ. 2003 жылы қолданысқа берілген айлақ бүгінгі күні жөндеуді қажет етеді. Сондықтан жауапты мамандар инфроқұрлымды жандандыруды көздеп отыр. Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, айлақ жаңарса ұшу қауіпсіздігі мен сапасын артатынына сенімді.

Нұрлан ОРМАНБЕТОВ, ҚР ҚК ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ БАС ҚОЛБАСШЫСЫ:

Әуеайлақты дамытудың перспективалық жоспарының мақсаты – әуе базасының тұрақты жауынгерлік дайындығын қамтамасыз ету, әуеайлақтың сыйымдылығы мен оқу-жауынгерлік жұмысының сапасын арттырып, ұшу қауіпсіздігі талаптарын күшейтпекпіз.

Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барған Қорғаныс министрі, осы тектес алдағы атқарылатын жұмыстардың легімен танысты. Оқ-дәрілер мен атыс қаруын сақтау бөлімде де болып жұмыс барысын бақылады. Министр Нұрлан Ермекбаев оқ-дәрілерді сақтауға аса мән беруге шақырды. Инфрақұрылымды жөндеу мен салу мәселелеріне де ерекше назар аудару қажет екенін ескертті. Горнизон бөлімі командирлерінің жоспарын тындаған министр өңірдегі жұмыстарға оң баға берді.

Ғ.Өтемісов