Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қазақстанда "Nur Otan" праймеризіне қатысушылардың агитациялақ компаниясы басталды

AstanaTV
11.09.2020ж. 20:00
2970
Қазақстанда "Nur Otan" праймеризіне қатысушылардың агитациялақ компаниясы басталды

Қазақстанда "Nur Otan" праймеризіне қатысушылардың агитациялақ компаниясы басталды. Жер-жердегі праймериздің өткізілу барысын көріп-білу мақсатында партия басшылығы және «Nur Otan» Жақтастар лигасының өкілдері аймақтарға іссапармен шығуда. Таяуда партия  хатшысы Арман Қырықбаев пен жақтастар лигасының өкілдері оңтүстік аймақтарда үш күндік іс-сапармен болды. Партияішілік сайлауға қатысушы кандидаттармен кездесіп, сайлау учаскелерінің жұмысымен танысты.

Партия Хатшысы Арман Қырықбаев және "Nur Otan" партиясы жақтастары лигасы оңтүстік өңірлерді үш күн аралады. Осы күндері олар праймеризге қатысушы үміткерлермен кездесіп, келелі кеңес өткізді. Соның бірі «Тұран» атты бастауыш партия ұйымында жүрді. "Тұранның" осы күнде бір мыңға жуық мүшесі бар. Олардың дені жастар. Жалпы айта кету керек. Партияішілік сайлауға түскен азаматтардың 37 пайызы осы белсенді жастардан тұрады. "Праймериз жастардың суырылып алдыға шығуына үлкен мүмкіндік береді", деді Партия жақтастары лигасының мүшесі Ерлан Сайыров.

Ерлан САЙЫРОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАҚТАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазақстанда 210 мәслихат бар екен. Сол 210 мәслихатта 3 335 депутат бар екен. Соның 2 пайызы ғана жастар бүгінгі таңда. Енді бұл аймақтарда ұрпақтар сабақтастығы тоқтап қалды деген сөз. Мүлдем жүрмейді. Міне осыны бұзу керек.

Шымкентте праймеризге 180 азамат үміткер ретінде тіркелген. Соның 32 пайызы қыз-келіншектер. Ал, дауыс беру қаладағы 33 участокте жүреді. Олардың Сайлауға дайындығы қалай? "Nur Otan" партиясының хатшысы оны бүгін өз көзімен көріп білді. Сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Арман Қырықбаев сондай ақ «Jastar Otanga»  атты бағдарлама барысымен де танысты. Жобаның маңызды бағыттарын жігерлі жастармен жан-жақты талқылады.

Диана ИСКАНДАРОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Праймериз жастардың өзін көрсетуіне, саясатқа араласуына және өзінің тың жобаларын іске асыруға үлкен мүмкіндік береді.

Партия басшылығы және Жақтастар лигасы бейсенбі күні Түркістан облысында да болды. Өңірден биылғы сайлауға 1 200-ге жуық үміткер тіркеліп отыр. Саясатқа араласқысы келген азаматтар арасында әйелдер көп екенін айта кету керек. Қыз-келіншектер үлесі 400-ге жуықтайды. Олардың дені дәрігерлер мен мұғалімдер. Сайлаудың негізгі көздегені - Әділдік. "Сайлауда қысым мен бұрмалаушылыққа жол жоқ", деді партия өкілдері.

Мансұр МАТМҰСАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Бізде ауыл жерлерде шешімін таппай қалып жатқан жерлер бар. Солардың бәрі мына халықтың арасында жүрген адам өз кандидатурасын қойып, ертеңгі күні депутат болатын болса, сол халықпен кездесіп, халықтың ішінен шыққаннан кейін халықтың проблемасын шешуге көмегі тиеді деп ойлаймын.

Іс-сапар бүгін Қызылордада жалғасты. Сыр өңірі де партияішілік сайлауға қызу дайындалып жатыр. Сайлауға сақадай сай тұрған участоктің бірі Жаңақорғанда. Ол, қажетті құралдармен толықтай жабдықталған. Негізі, Қызылорда бойынша праймеризге 500-ден аса кандидат тіркелген. Оның 164 әйелдер. Бастауыш партия мүшелерімен Партия хатшысы қаладағы перинаталдық орталықта кездесті. Бұл жиынға дәрігерлер де қатысты. Ақ халаттылар көкейінде жүрген сұрақтарды қойып, праймеризге қатысты өз пікірлерін білдірді. Партияішілік сайлауға түсетіндер арасында жақын арада сөз сайысы өтетіні белгілі. Дебатқа дайындық барысы бүгін сынақтан өтті.

Бибігүл ДӘУЛЕТБЕКҚЫЗЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАҚТАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Праймериз бұны бүкіл әлем қолдап отыр да, жақсы мүмкіндік те бұл. Бұл  - депутат болу, ол билікке бару, билікке барып өзінің үнін жеткіздіру. Халықтың ішіндегі проблемасын алып, жоғарыдан айту.

А. Төребекқызы