Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағанды әкімінің орынбасары парамен ұсталды

AstanaTV
14.09.2020ж. 20:00
2589
Қарағанды әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Тағы бір шенеунік пара алды деген күдікпен қамалды. Бұл жолы Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековтің басына қара бұлт үйірілді. Облыстық прокуратураның дерегінше ол мемлекетке 107 млн теңге шығын келтірген. 2018 жылы «Нұрлы-жер» бағдарламасына бөлінген қаржыны талан-таражға салды деген күдік бар. Шенеуніктің сыбайластары да бар деп отыр. Алайда, оларға қатысты ақпарат берілген жоқ. Күдікті шенеунік, қазір 2 айға қамауға алынды.

Нұрсұлтан ҚАЛДЫРБАЙ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұның алдында Қарағанды облыстық прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасы тергеп жатқан «10-и Казахстан» ЖШС-не қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа деректердің орын алуына байланысты бүгінгі таңда Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабаековке қатысты тергеп-тексеру басталды.


Айта өтейік, Жақсылық Шалабеков Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болып 2019 жылы ақпан айында тағайындалған. Ал 2011-2019 жылдар аралығында қаланың құрылыс бөлімін басқарыпты. Яғни, әкім орынбасары қызметінде архитектура, қала құрылысы, жаңа әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй салу мәселелеріне жауап берген.

А. Мүтәлі