$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Денсаулық сақтау министрлігі кімді алдап жүр?

AstanaTV
17.09.2020ж. 20:00
3645
Денсаулық сақтау министрлігі кімді алдап жүр?

Денсаулық сақтау министрлігі кімді алдап жүр? Маусым мен шілде айы аралығында коронавирус пен пневмониядан 24 мыңдай науқас қайтыс болған. Әлеуметтік желілер мен ғаламторда осындай ақпарат тарады. Бұдан бөлек, індеттің ресми статистикасы да күдік тудырады. Әлемдік және қазақстандық сандар неге сәйкес келмейді? Бұл сауалдарға әріптесім Асылбек Данияр жауап іздеп көрді.

Бұл COVID-19 бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайты. Мұнда көктемнен бері 137 мың қазақстандықтың қытайлық кеселді жұқтырып, 2 мыңдай адамның қайтыс болғаны көрсетілген. Ал, біздегі денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпарат, басқаша сайрайды. Алшақтық 1-2 санда емес. Ондаған мың адам бойынша айырмашылық байқалады. COVID-19 расталмаған, бірақ індет белгілері бар пневмонияның сандық мәліметінен де дау шықты. 1 тамыздан - 13 қыркүйекке дейін 7 мыңға жуық науқас емделіп шықса, келесі күнгі ақпаратта жазылғандар саны 26 мыңға жеткені хабарланды. Артынша, мұны ведомстваның ресми өкілі жоққа шығарды. Алайда, әлгі қате статистика өзгеріссіз қала берді. Мұны министрлік былай түсіндірді.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Коронавирустық инфекцияның диагнозы анықталмаған статистикада сауығу нәтижесінің өсуі емдеу мекемелеріндегі,  үйдегі науқастарды есепке алуға байланысты болды.  Барлық өтініштер мен коронавирустық инфекцияның барлық емделген жағдайлары есептелді.  


Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәлімет бойынша: қазіргі таңда 4 мыңға жуық адам коронавируспен ауырып жатыр. Ал, жалпы шалдыққандардың 95 пайызға жуығы осы күнде дерттен құлан таза айығып кетіпті.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:

Стационарларда COVID-19 анықталған  2 202 науқас жатыр және  1 714 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Пациенттердің арасында 35 , кәмелеттік жасқа толмаған бала бар. Ауруханада жатқан 115 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 18 науқас хәл үстінде.

Бүгін Шымкенттік әжей үшін қос қуаныш. Апамыз 100 жасқа толғанын және пневмониядан жазылғанын атап өтті. Ол, жұқпалы аурулар орталығына қыркүйектің 7-сі күні ауыр халде түсіпті. Дәрігерлер науқастың өкпе тінінің 55% зақымдалғанын анықтаған.

Қызтай ДҮЙСЕБЕКОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ал, аурудан қаза болғандар саны көңіл көншітпейді. Бұл жерде де алшақтық бар. Соңғы 3 айда коронавирус пен пневмониядан 24 мыңдай науқас қайтыс болды деген ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады? Денсаулық сақтау министрлігі әзірге үн-түнсіз.


Асылбек ДАНИЯР, ТІЛШІ:

Еске салай кетейін, Мемлекет басшысы: "Пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс. Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана, бұл індетті тезірек жеңеміз" деген болатын. Президент сөзін шенеуніктер естімеген болар бәлкім?! Статистика әлі күнге әр түрлі.


А. Данияр