Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Астанада еңбек форумы аясында үздік қызметкерлер марапатталды

AstanaTV
22.09.2017ж. 20:00
3813
Астанада еңбек форумы аясында үздік қызметкерлер марапатталды

Қыркүйектің соңғы жексенбісі Елбасының жарлығымен «Еңбек күні» болып бекітілген болатын. Осы орайда жылдағы дәстүрге сай Астанада еңбек форумы өтті. Шараның мақсаты - еңбек адамының құрметке лайық екенін көрсету, өз саласындағы үздіктерді марапаттау болып табылады. Биыл 22 өтініш түскен. Оның ішінде әр түрлі мамандық иелері бар. Бүгінде Астана қаласында 105 мыңнан аса кәсіподақ мүшелері бар. Еңбек адамының жұмыс барысында құқығының тапталмауы конституциямен қорғалған. Елорданың кәсіподақтар орталығының төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, жұмысшы еңбегінің еленуі өте маңызды, дейді. 

Сәрсенбай Мыңбаев, Астана қалалық кәсіподақтар орталығының төрағасы:

Біздің мемлекет дүние жүзінде дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіреміз деп жатрмыз ғой. Осы жерде біз еңбек адамының рөлін көтеруіміз қажет. Сондықтан бұған айтарым, мына саясаткерлер, депутаттар, бизнес өкілдері мен қоғамдық өкілдер бірлесіп, еңбек адамына қолдау көрсетуіміз қажет.

Астана әкімдігі, кәсіпкерлер палатасы мен кәсіподақтар ұйымы бірлесіп өткізген форум жеңімпаздары қазан айында өтетін республикалық байқауға жолдама алады. Форумда «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» және «Үздік еңбек әулеті» анықталды. Оларға сый-сияпат табысталды. Мұндай марапттау бірінші кезекте жастарға үлгі болса, екіншіден, еңбек иелерін насихаттау болып табылады. Базарбаевтар әулетін нағыз еңбек династиясы деуге болады. Олардың ата, бала, немере болып темір жол саласында еңбек етіп келе жатқан мерзімінің жалпы жиынтығы 70 жылдан асады екен. Еңбекқор әулеттің айрықша жолы бүгінгі өскелең ұрпаққа нағыз үлгі-өнеге деуге болады.

Нұрлан Базарбаев, «Үздік еңбек әулеті» атауының иегері:

Темір жол саласындағы жұмыс, 1933 жылы Түркісіб-Сібір темір жолы бітіп, Жарма стансасында басталған. Содан бері бала-шаға, ұл қызым, басқа да ағайын-туыстар темір жолда істейді.