Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Шымкентте өкпені жасанды желдететін аппарат 20 миллион теңгеден сатып алынған

AstanaTV
21.09.2020ж. 20:00
3028
Шымкентте өкпені жасанды желдететін аппарат 20 миллион теңгеден сатып алынған

Шымкентте жасанды тыныс алу аппараттарын тым қымбатқа сатып алуға жол бергендер жазалануы мүмкін. Мұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент өкілдері айтты. Құзырлылардың дерегінше маусым айында шамамен 257 млн теңгеге 12 ИВЛ аппараты мемлекеттік тапсырыс арқылы алынған.  Ресейлік өнімнің әрбір данасы 21 миллион 400 мың теңгеге түскен.

Талғар СЕРІКБАЕВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТІГІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Атап айтқанда жалпы соммасы 40 млн теңгеге артық қаражат жұмсалған. Атап өту керек, бұл аппараттар «Авента -М» аппараттары Ресей Федерациясына алдында шектеу қойылған. Кейіннен біздің Қазақстанда да шектеу қойылды. Бүгінгі таңда бұл факт бойынша денсаулық сақтау басқармасының тұлғаларына қатысты тиісті процессуалдық шара қолданылатын болады.


Ал жасанды тыныс алдыру аппараттарының құнына қатысты денсаулық сақтау басқармасы ақпарат беруге үзілді-кесілді қарсы.

А. Төребекқызы