Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматыда "Алтын Бұлақ-2" тұрғын үй кешені күл-қоқыстан көз ашпай отыр

AstanaTV
23.09.2020ж. 20:00
2088
Алматыда "Алтын Бұлақ-2" тұрғын үй кешені күл-қоқыстан көз ашпай отыр

"Алтын Бұлақ-2" - "Қоқыс бұлаққа" айналды. Алматыдағы көпқабатты үй тұрғындары арнамызға бүгін осындай шағым түсірді. Тұрғындардың айтуынша, кешендегі пәтер иелері кооперативі жұмысына тым салғырт. Жан жағы күл қоқысқа толып жатқаны аздай жаңбыр жауса болды үйдің шатырынан су ағады. Жертөлесі де кішігірім бассейнге айналған.

Алтын бұлақ-2-нің Қоқыс бұлаққа айналғанын тұрғындар осы видеомен дәлелдейді. Сөздеріне қарағанда үйдің айналасы үнемі шашылып жататын көрінеді. Алайда біз келгенде жағдай мүлдем басқа. Пәтер иелері кооперативі жан-жақты тазалап қойыпты.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

«Алтын Бұлақ-2» тұрғын үй кешенінде 1600 пәтер бар. Тұрғындардың айтуынша бұл үйлерге қызмет көрсететін пәтер иелері кооперативі тариф құнын негізсіз өсіруде. Өсіргені былай тұрсын жұрт қызмет көрсетуші компанияның жұмысына көңіліміз толмайды дейді. Себебі компания өкілдері кешенге тұрақты тазалау жұмыстарын жасамайтын көрінеді.

Қызметі қымбат жұмысы арзан, деп шағымданған тұрындар үйді төбесінен бастап жертөлесіне дейін көрсетті. Жауынды күні шатырынан су сорғалайтынын айтты. Ал, үйдің асты да суға толған.

"Алтын бұлақ-2-де" коммуналды қызметтер арзан емес. Бірақ тұрғындары төлеп келеді. Енді олар ақысына сай қызметті талап етеді.

Дана ШЕСТАКОВА, «АЛТЫН БҰЛАҚ-2» КЕШЕНІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

2016 жылы осында көшіп келдім. Кооперативпен келе сала келісім-шарт жасастық.  Үйдің әр шаршы метрінің коммуналдық төлемі 110 теңгеге бағаланған. Ай-сайын ақша құйып тұрамыз. Бірақ нәтиже жоқ. Ластан көз ашпадық.


Сәуле ДОЛҒАЕВА, «АЛТЫН БҰЛАҚ-2» КЕШЕНІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бізде тазалық ешқандай жоқ. Барлық жерде потоп, барлық жерде мусор. Хотя біз соншама ақша төлеп жатырмыз. Подъезд, лифт, подвалда бізде потолок түсіп жатыр. Ол жерде конечно канализация болып жатқаннан кейін поток болып жатқаннан кейін құр, құмырсқа, шегіртке, тарақан көп.

Тұрғындардың көңілін күдік жаулағалы қашан. Олар, "Пәтер иелері коопертиві ақшаны қалтаға басып отыр", деген сенімде. Тілшілермен тілдесу кооператив басшысына қызық емес сынайлы. Төрағаны орнынан таппадық.

Басшы жауап бермегеннен кейін бе әйтеуір басқа қызметкерлер де сұхбаттасудан бас тартты. Кейбірі есікті ішінен жауып алыпты. Ал тұрғындар болса, жұмысына салғырт мекемені ауыстырамыз деп, әкімдікке шағым түсіріп отыр.

Жандос ҚАЙЫРХАНОВ, АЛМАТЫ қ. ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қазіргі нақты айтарым бұл тұрғын үйдің тұрғындарына, пәтер иелеріне айтатынымыз тездетіп әрбір үйге үй кеңесін құру керек. Үш адамнан кем емес. Содан кейін басқару формасы, меншік иелері бірлестігін құру қажет.

Пайдалануға 9 жыл бұрын берілген баспанада тұрғындар бірде-бір жөндеу жұмыстары жүрмегенін жеткізді. Енді олар сотқа арызданбақшы. Жылдар бойы жиналған қаражаттың есебін анықтамақ.

Ә. Лесбек