Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлерде газ жоқ

AstanaTV
24.09.2020ж. 20:00
2585
Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлерде газ жоқ

Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен салынған көпқабатты үйлерде газ жоқ. Бүгін Astana Times редакциясына осындай шағыммен Шымкент қаласындағы Нұрсәт, Тұран мөлтек аудандарының тұрғындары хабарласты. Жергілікті жұрттың жаңа баспанаға кіргеніне жарты жылдан асқан. "Содан бері ас-суымыздын әзірлеуге жарымай келеміз", дейді. Көгілдір отыннан тарығып отырған тұрғындардың негізгі уайымы бұл емес. Олар қыстың қамына алаңдайды.

Әсем АТАНИЯЗОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бізде негізінде барлық домдарда автономное отпление қосылған. Оны қосу үшін бізге газ керек. Алдымыз қыс. Үйде кішкентай балаларымыз бар. Уже ауырып жатыр. Күн салқын уже. Қыстың күні газсыз біз қалай отырамыз? Соны түсінбей жатырмыз.

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін шымкенттік шенеуніктерге хабарластық. Бізбен байланыста  қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхисламов жауап беруге дайын екен. Жолшыбек Мұхтарұлы, қайырлы кеш!  Мемлекеттік бағдарламамен салынған, пайдалануға берілген үйлер 9 айдан бері газсыз отырғаны, қалай?

Жолшыбек ШАЙХИСЛАМОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қазіргі таңда Шымкент Ситиде және Тұран шағын ауданындағы тұрғын үйлер кейін салынған. Шымситидегі үйлердің жылу қазандықтары газға қосылған. Оны жылу маусымында толық жылу беріледі. Тұран аудынындағы 3-4 тұрғын үй оларға қазір Казтранс аймақ мекемесімен қазір мәселе бар.

Жақсы. Газ болмаса жылу болмайды дейді. Сонымен, мәселе қашан шешіледі?

Жолшыбек ШАЙХИСЛАМОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Газдың мәселесі қараша айында шешіледі. қазір автоматтандырылған газ реттегіш станциясында құрылыс жобасы жүріп жатыр. Қараша айында толық соны іске қосып, қала халқының газ тапшылығын толық шешеміз.


Рақмет, сұхбатыңызға! Мәселені шешіп бересіз деп сенейік. Ал, біз көпқабатты үйлер көгілдір отынға қосылғанша мәселені бақылауымызда ұстаймыз. Қымбатты көрермен, сізді де алаңдатқан өзекті мәселе болса, экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласыңыз! Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз!

А. Мүтәлі