Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Алматы облысында өркениеттен жұрдай ауыл бар

AstanaTV
25.09.2020ж. 20:00
3731
Алматы облысында өркениеттен жұрдай ауыл бар

Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылына жеті жылдан бері не су, не жол, не жарық тартылмаған. Ашынған халық базынасын айтып әкімдікке қанша шағымданса да мәселе шешімін таба алар емес. . Биліктен күдер үзгендер өздері құдық қазып алған, бірақ таза емес деп отыр. Ауылдағы жағдаймен танысып қайтқан әріптесім Әсем Лесбектің репортажы.  

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Ұзынағаш ауылынан 500 метр жерде орналасқан Ынтымақ көшесінің тұрғындары жеті жылдан бері ауыз су мен жолдан тіпті жарықтан тарығып отыр. Жанға батқан жайттарды жұрт жергілікті билікке үйіп-төгіп жеткізген. Алайда күні бүгінге дейін оны елей қойған бір де бір шенеунік табылмапты.

Ауданды «көркейтіп жатырмыз» деп жиі мақтанатын аудан әкімдігі, іргедегі ауыл көшелерін мүлдем ұмыт қалдырған. Ұзынағаш ауылы жырақта жатқан жоқ, облыс орталығына тиіп тұр. Сонда да мұнда өркениет атымен жоқ.

Айбаршын АСАНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Біздің суды жерден өзіміз қазып шығарып алғанбыз. Ол суымыз құм сап-сары сары су. Жолымыздың түрі мынау шаң бұрқырап жатыр. Осы жерде 120-130 отбасы тұрамыз. Соған жалғыз бір ғана ұсталған бущний ғана  жеке трансформатормен отырмыз.


Тілеухан ЕСЕНҚОЖАҰЛЫ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:


Газ жоқ, жол жоқ, су жоқ. Тұнық ауа жоқ. Осы бес жоқ бар мына жерде. Мына 150 метр жерге шықсаңыз сары сідік, әкеп төгіп жатыр. Мына 12 метр жетр жерден су шығып жатыр біз соны ішіп жатырмыз.

Мұндағы тағы бір мәселе көшенің сыртынан өтетін – мына қауіпті тасжол. Онда жер үсті өткелі тұрмақ жаяу жүргінші жолағы да жоқ. Жүйткіген көліктердің арасынан тұрғындар басын қауіпке тігіп өтуге мәжбүр. Ашулы топ осындай өзекті жайлардың барлығын қағазға түсіріп әкімнің қолына ұстатқан. Бірақ нәтиже көрмеген.

Ақ жағылылар бар мәселені бюджеттен бөлінбейтін қаражатқа әкеліп тіреді.

Қайсар ӘПСЕЙІТОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ТҮКШ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

 
Біз деген қорғаймыз проектіні аудан атына барып, міне бізде осыншама арыз түсіп жатыр. Осыншама халық светсіз отыр. Міне бізде проект дайын тұр. 293 млнға.  Осынша бізге қаражат керек деп.  2018 жылдан бері біз сұрап жатырмыз ақша берілмей жатыр


Әйтсе де ашынған ағайын жауаптыларға сөзден көрі, іске көшуді талап етеді. Енді олар облыс әкімдігіне баруға бел буған.

Ә. Лесбек