"Nur Otan" партиясының праймеризінде кәсіподақ мүшелері айтарлықтай белсенділік танытуда.Саяси додаға қатысып жатқан 11 мыңға жуық кандидаттың 2 мың 700-і осы қауымдастық өкілдері. Бүгін федерация төрағасы үміткерлермен онлайн-конференция өткізді. Үміткерлер сайлауалды бағдарламаларын айтып, нақты ұсыныстарымен бөлісті. "Жұмысшылардың еңбек құқығын қорғап, жалақы мәселесін тиісті деңгейде көтереміз", деді праймеризге қатысушы үміткерлер.
Нұрлан ӨТЕШЕВ, ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Өзіміздің кәсіподақтықтардың құндылықтарын, оның ішінде әрине, ең біріншіден еңбек құндылығын арттыру. Оны мына біздің қоғамымыздың сана сезіміне салу жолында қандай іс-әрекеттерді жасай алатынымызды анықтап, бір-бірімізбен тәжірибе алмасайын деп жатырмыз.
А. Мүтәлі