$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан балалар саны 46-ға жетті

AstanaTV
28.09.2020ж. 20:00
2258
Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан балалар саны 46-ға жетті

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан балалар саны 46-ға жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Қытайлық індетке шалдыққандар арасында ақтөбелік үш айлық сәби де бар. Баланың мазасы қашып, дене қызу көтерілгенін байқаған ата-анасы, бірден дәрігерге жүгінген. ПТР сынамасы дерттің бар екенін көрсеткен. Нәрестенің кеселді қайдан жұқтырғанын дәрігерлер анықтауға кірісті.  

Мұрат МИРМАНОВ, АҚТӨБЕ о. ТКҚСҚБД ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПАРАЗИТТІК АУРУЛАРДЫ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталды. Барлығы медициналық бақылауға алынды. Бүгінгі күні сәби облыстық кленикалық-инфекциялық ауруханасында оқшауланды.

Министрліктің таратқан мәліметіне сәйкес, науқастар саны ел аумағы бойынша 107 мыңнан асты. Оның 95 пайыздан астамы дерттен құлантаза айығып шыққан. Өкінішке қарай, 1725 науқас індеттің құрбаны болды. Қазір ауруханада жатқан 94 адамның жағдайы ауыр. Оның 15-інің өмірі қыл үстінде дейді, ведомства өкілдері.

А. Данияр