Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Атырауда белгісіз біреу 12 зиратты қиратып кетті

AstanaTV
28.09.2020ж. 20:00
6045
Атырауда белгісіз біреу 12 зиратты қиратып кетті

Атыраудан жантүршігерлік оқиға. Тасшығыл ауылында белгісіз біреуі Мәтен қожа мазарын өртеп, маңындағы тағы 12 зиратты қиратып кетіпті. Тұрғындардың айтуынша, молаға от қыркүйектің 27-де қойылыпты. Тұрғындар мен өрт сөндірушілер өртті екі сағат жүріп зорға сөндірген. Ауылдағылар, "От қойған бұрыңғы шырақшы", деп отыр. Алайда, оған ресми дәлел жоқ. Айта кетейін. Мәтен қожа моласына жергілікті халық ем іздеп келеді. Әулиенің бейіті кімге кедергі болғаны әзірге белгісіз.

Нұртас БЕКМАҒАМБЕТОВ, ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Атаның мазарын сындырған, атаның түнек үйін өртеп жіберген. Бірақ түнек үйінің заттарын біздер далаға шығардық.  Атаның түнек үйін алып қалдық. Басқа ештеңе алып қала алмадық.

Б. Надирқызы