Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақтөбеде 17 жастағы бозбала кәмелетке толмаған қызбен қарым-қатынасы үшін сотталуы мүмкін

AstanaTV
29.09.2020ж. 20:00
6438
Ақтөбеде 17 жастағы бозбала кәмелетке толмаған қызбен қарым-қатынасы үшін сотталуы мүмкін

Ақтөбеде 17 жасар бала мен 15 жасар оқушы қыздың махаббаты үлкен дауға айналды. Ата-аналарынан қарсылық болғаннан кейін екі ғашық бірнеше рет үйлерінен қашыпты. Кейіннен жастар табылып 17 жасар жігіт қамауға алынған. Оған, "Кәмелеттік жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынаста болды", деген айып тағылды. Жігіттің абақтыда отырғанына жарты ай болды. Ақтөбелік жастар туралы тілшіміздің бейнематериалында.

17 жасар Нұрасхан Тынымжанов кәсіптік лицейдің 2-ші курс студенті. Нұрасханның сүйгенімен жүріп жүргеніне сегіз айдан асыпты. Жас ғашықтар отаспақ та болған. Бірақ оған ата-аналары рұқсат бермеген.

Анара ҚОШАНОВА, НҰРАСХАННЫҢ АНАСЫ:

Менің балам шын ниетімен сүйген адам. Олда маған  мына жерде жылап тұрып айтты. Апа біздерді  қосыңызшы деп. Екі баланың обалына қалып отырмыз біз. Шыңдығында балам жазықсыз кетіп бара жатыр.

Жастар қолтықтасып бірнеше рет үйлерінен қашқан. Жастардың бұл қылығы қыздың ата-анасына жақпағаны анық. Шешесі арнайы медициналық сараптама талап еткен. Ақыры Нұрасхан қамауға алынды. Баланың анасы енді Мемлекет басшысынан араша сұрап отыр.

Анар ҚОШАНОВА, НҰРАСХАННЫҢ АНАСЫ:

Біздің ел басшымыз Тоқаев мырзаға баламның атынан баламның осындай жағдайға тап болғаны үшін балам шынайы махаббатпен мынадай жағдайға ұшырағаны үшін арасына түсетін болсақ балдар қандай жағдайда болады. Баламның не жазығы бар?

Ақниеттің анасы да полицияға жүгінгенін өкініп отыр.

ҚЫЗДЫҢ АНАСЫ:


Екі баланың балалығы болды. Екі бала бір-бірін жақсы көрген соң қашты. Бірге осылай жыныстық қатынасқа түскен екен. Баланың өмірі мынадай срок 10 жылдан он бес жылға беріп тұрған соң мұндай болады деп ойлаған жоқпын.

Баланың ісі полициядан шығып прокуратураға жеткен. Өйткені, Нұрасханның үстінен аса ауыр бап бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Кәмелетке толмаған қыздың анасының арызы бойынша қылмыстық іс аяқталып, қазіргі таңда ол облыстық прокуратураға жіберілді. Күдікті қамауға алынды.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Бұл қылмыстық іс сотқа жетсе Нұрасхан Тынымжанов он жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір бозбаланың жақындары баласының балалығын кешіріп, ауыр бапты жеңілдетуді сұрайды.

Б. Рахметова