Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Таулы Қарабақтағы әскери қақтығысқа әлемдік қауымдастық алаңдаулы

AstanaTV
29.09.2020ж. 20:00
4127
Таулы Қарабақтағы әскери қақтығысқа әлемдік қауымдастық алаңдаулы

Әзірбайжан мен Армения арасындағы қақтығыс өрши түсті. Жер жаһанның назарын аудартқан бұл шиеленіске әлемдік қауымдастық өкілдері алаңдаулы. Алайда, ата жауға айналған халықтың бір тарапын ашықтан ашық қолдайтындар да табылды. Дегенмен жанжал кезінде опат болғандар көбейген. Армения Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, елдің шығысында Әзірбайжан Қарулы Күштері әскери бөлімге оқ жаудырған. Бірақ ресми Баку оны «шекара тұрақтылығын қамтамасыз ету» үшін жасадым деп түсіндірді. Айя Мүтәлінің репортажы.

Кавказдағы жағдай осы. Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі қарулы қақтығыс кезінде бір бейбіт тұрғын қаза тауып, 10-ға жуық армян сарбазы опат болғанын сүйіншілеп жеткізді. Танктер мен автомобильдер де күл талқан болған. Шиеленіс біртіндеп дипломатиялық соғысқа айналуда. Көптеген елдер қантөгісті тоқтатуға шақырғанымен, жеке тарапты қолдайтындар да табылды. Мәселен, Түркия Әзірбайжанға қару-жарақ пен әскер жіберемін деп уәде етті.

Реджеп ТАЙЫП ЕРДОҒАН, ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

Арменияның бассыздықтарына нүкте қоятын кез келді. Бәрі ол жерлердің Әзірбайжанға тиесілі екенін жақсы біледі. 30 жыл бойы бұл мәселе шешілмеді. Қалай болғандада Армения дереу Әзірбайжан жерінен кетуі керек.

Әзірбайжанды сондай-ақ, Арменияның егемендігін мойындамайтын Пәкістан мен Ауғанстан да қолдады. Ал ресми Ереванға жалғыз Кипр жақтасып отыр. Қазақстан екі елді сабырға шақыруда. Отандық сарапшылардың паймынша бұлай жалғаса берсе, жағдай мүлдем ушығып кетуі мүмкін. Қарулы қақтығыстың геосаяси аймаққа тигізетін экономикалық қауіптері де бар. Атап айтқанда,Таулы Қарабаққа таласып келе жатқан екі ел инвестициядан түсетін пайдадан қағылады.

Айдос САРЫМ, САЯСАТТАНУШЫ:

Егер осылай дами беретін болса, бұл мұсылман мен христиан қауымның арасындағы қақтығысқа да баруы ықтимал. Себебі, Ауғанстандада біраз содыр бар. Пәкістанда да мысал үшін қолы бос осындай жанжал соғыс іздеп жүрген  азаматтар саны жеткілікті. Егер осындай жағдайға барсам, бұл мүлдем басқа деңгейге шығып кетеді.

Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің дерегінше, бізде 18 мың армян, 90 мыңнан аса әзірбайжан ұлты бар. Ата жұрттағы тыныштықтың бұзылуы оларға да әсер етуі мүмкін. Сондықтан татулыққа шақырды.

Наринэ МИКАЕЛЯН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "ЛУИС" АРМЯН МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Бұл жағдай бізге де ауыр тиіп отыр. Біз халықты бейбіт сүруге шақырамыз. Соғысты ешкім де қаламайды. Сондықтан екі тарап жүздесіп, арада болған кикілжіңдердің барлығын бейбіт түрде шешсе екен.

Эсьмира МАМЕДОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘЗІРБАЙЖАН ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Ата-бабаларымыз қиыншылық көріп, қазақ жеріне келіп, қазақ елінде туып өскенімізге өте мақтан тұтамыз. Сондықтан барлық ұлттар болсын, ұлыстар болсын басқа да әлемнің халқын бейбітшілікке шақырамын.

Бүгін БҰҰ осы мәселені қарайтын арнайы жиын өткізбек. Оған сырттан адамдар қатысуға тиым салынған, яғни жабық есік жағдайында ұйымдастырылуда.

А. Мүтәлі