$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Алматы облысында болды

AstanaTV
29.09.2020ж. 20:00
2837
Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Алматы облысында болды

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Алматы облысында болды. Онда ол білім беру саласы қызметкерлерімен кездесіп, партияның аймақтық сайлауалды бағдарламасымен танысты. Сондай-ақ қашықтан оқыту мәселесі де көтерілді. Толығырақ, келесі бейнематериалда.

Бүгінгі күні Алматы облысында 38-і мектептің барлығы дерлік үш ауысымда жұмыс істейді. Тағы 140-тан астам оқу орны бейімделген ғимараттарда орналасқан. Яғни, мектептің жетіспеушілік проблемасы аймақта оң шешімін табуы тиіс. «Nur Otan» партиясының аймақтық сайлауалды бағдарламасы аясында 39 жаңа оқу орнының құрылысы жоспарланып отыр. Жалпы мектепке қатысты кез-келген проблема мұғалімдерге жақсы таныс. Бауыржан Байбек, педагогтер праймеризге қатысып, мәселені жан-жақты көтеру, керек ұсыныс жасады.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Егер "Nur Otan" партиясының өкілдері – мұғалімдер мәслихатта, Мәжілісте болса, олар осы салада жүргендіктен проблемалармен жақсы таныс болады, мәселелерді шешеді. Балаларды қалай тәрбиелеу керек, не істеу керек деген секілді. Партия ретінде біз қолдау көрсетеміз.

Сайлауалды бағдарламада ауылдағы сапалы интернетке жіті назар аударлып отыр. Бауыржан Байбек праймериз кандидаттарымен кездесу барысында тұрғындарды мазалаған мәселелерді талқылады. Олардың арасында, газ бен ыстық су, жаңа жұмыс орындарын құру және кәсіпкерлікке қолдау көрсету сияқты проблемалар бар. Бұның барлығы партия жобасында қарастырылған, соңғы нұсқасы Халықпен талқылаудан кейін қабылданады.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Негізгі партиялардың жұмысы не? Халықтың санасымен жұмыс істеу ғой. Сондықтан жаңа заңнама аясында біз әрбір аудан, қала, өңірде осындай сайлауалды бағдарламаларды дайындады. Біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, халық үніне құлақ асатын мемлекет құруымыз қажет.  

Сапар барысында партия төрағасының бірінші орынбасары Қапшағай қаласындағы «Green Land Alatau» жылыжай кешені қызметкерлерімен де кездесу өткізді. Бұл өңірдегі ең ірі және технологиялық жабдықталған өндірістердің бірі. Онда, 10 мың тоннаға дейін көкөніс өсіріледі. Ендігі мақсат мұнда жаңа технологияларды ендіру.

Бауыржан Байбек Талдықорғандағы жаңа студенттер үйіне де барды. Ол Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы аясында күрделі жөндеуден өткен. Мұнда «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қоғам өкілдерімен кездесті.

Ә. Өмірзақ