$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атырауда праймеризге қатысушы кандидаттар аймақтық мәселелерді көтерді

AstanaTV
29.09.2020ж. 20:00
2355
Атырауда праймеризге қатысушы кандидаттар аймақтық мәселелерді көтерді

Атырауда праймеризге қатысушы кандидаттар арасында өткен кезекті пікірсайыс тартысты өтуде. Олар аймаққа тән проблемаларды көтеріп қана қоймай, оның шешу жолдарын ұсынды. Үміткерлер сөз жарысын партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов тыңдады. Кандидаттар жалғызбасты аналар жағдайын айтып, жас отбасылар мәселесін көтерді. Олар сондай ақ шалғай ауылдардағы пойыз қатынасы проблемасын тілге тиек етті. Жалпы Атырау облысында қыркүйектің 30-на дейін тағы 17 дебат өткізу жоспарланып отыр. Ал, партияішілік сайлауға өңірден 404 үміткер тіркелген.

Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жастар бар, үлкен кісілер бар, тәжірибелі депутаттар бар негізі қызығушылық білдіріп, праймеризге қатысып жатқан үміткерлерді көргенде қуанып отырмыз.  дұрыс талдау партияластар арасында өтіп, жақсы нәтижеге жетеміз деген сенім бар.

Б. Надирқызы