Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Солтүстікте күре жолдан өткен үйір жылқыны, көлік қағып кетті

AstanaTV
30.09.2020ж. 20:00
3883
Солтүстікте күре жолдан өткен үйір жылқыны, көлік қағып кетті

Қызылжарда ВАЗ автокөлігін тізгіндеген жүргізушісі, жылқыны соғып, өзі ауруханаға түсті. Жол апаты Ғабит Мүсірепов ауданындағы республикалық маңызы бар күре жолда, кеше кешкісін болған. Көліктің тас талқаны шығыпты. Үйір жылқыны мал иесі рұқсат етілмеген жерден айдап өтпек болыпты. Малшы жауапқа тартылды.  

Баян БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Ол жерде белгі болмаған және жылқышы кешкі уақытта жолдың үстімен айдап өткізген. Жылқышы әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 408 бабы екінші бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және әкімшілік жаза салынды.

Жыл басынан бері малдың кесірінен теріскейде осымен екінші жол апаты тіркеліп отыр. Мұндай жағдай жуырда Маңғыстау облысында да болды. Жолаушы міңгестірген мотоцикл жүргізушісі жолда жылқыға соғылып, арты қайғылы апатқа әкеліп соқты. Жүргізуші ауруханада қайтыс болды. Жолаушы да хәл үстінде жатыр.

А. Құрманкин