Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қостанай облысы Жітіқара ауданының тұрғыны дүкенде шәй, май, қант жоқ деп шағымданды

AstanaTV
30.09.2020ж. 20:00
3220
Қостанай облысы Жітіқара ауданының тұрғыны дүкенде шәй, май, қант жоқ деп шағымданды

Қостанай облысы Жітіқара ауданының тұрғыны, дүкенде шәй, май, қант жоқ деп шағымданды. Айтуынша саудагерлер әдейі сөреден алып тастаған. Өйткені ертеңнен бастап азық-түлікті қымбаттайды дегенді алға тартыпты. Көрермен "телерепортер" айдарына жолдаған видеосына назар аударсақ.

Шағымданған тұрғын дәл осы жағдай үй алдындағы дүкенде ғана емес, базарда да дейді. Әлеуметтік маңызға ие азық-түліктің қымбаттауы қалтаға ауыр тиеді, өйткені айлық сол қалпы

Ақмарал ЕСМАҒАНБЕТОВА, ЖІТІҚАРА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Кейбір дүкендерде қант, май, шәй дегендер жоқ. 1 қазаннан бастап баға көтеріледі деп сатуға қойған да жоқ, бермей отыр. Біз қалай күн көреміз, алатын жалақымыз минималка 42 500 тг.

Осы мәселені анықтау үшін, Қостанай облысы Жітіқара ауданының атқамінерлеріне хабарласайық. Бізбен байланыста осы аудан әкімінің орынбасары Сәлім Қасенов бар екен. Сәлім, мырза, қайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз. Шағымды естідіңіз. Сіздерде азық бағасы қымбаттайын деп жатыр ма?

Сіздер бағаны реттей алмай жатырсыздар ма?

Сәлім ҚАСЕНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ЖІТІҚАРА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізде тауар айналымы көп өтетін сауда объектілеріндегі бағаларға біз апта сайын мониторинг жасаймыз. Реттеп жатырмыз. Негізінен бізде бағалар облыс орталығының көтерме сауда нүктелерімен байланысты қалыптасады. Соның ішінде жол, көлік шығындары бар, соны талқылаймыз. Үстеме бағалар 15-20 пайызды құрайды. Одан жоғары баға көтерілмейді.


Бұл бағалардың барлығы тұрақталады ма? Жетіспеушілік мәселесі шешімін табады ма?

Сәлім ҚАСЕНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ЖІТІҚАРА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Көтерме сауда орталықтарымен сөйлесу керек, талдаймыз. Әрине, бұл мәселе өте маңызды, сондықтан қажетті шара қабылдаймыз.

Сұхбатыңызға рақмет! Сәлім мырза, қолдан жасалған қымбатшылыққа жол бермейсіз деп сенейік. Біз мәселе қаншалықты шешілгенін бақылауға аламыз, демек тақырыпқа тағы бір ораламыз. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған мәселе болса - экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласыңыз. Аудио немесе видео жолдаңыз. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.

Ә. Өмірзақ