Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Үш бірдей бүлдіршіннің улануына себепкер болған маман 5 жылға сотталды

AstanaTV
01.10.2020ж. 20:00
2382
Үш бірдей бүлдіршіннің улануына себепкер болған маман 5 жылға сотталды

Шымкентте жәндіктердің көзін жоямын деп үш бірдей бүлдіршіннің улануына себепші болған маман 5 жылға сотталды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтемек. Еңбекші аудандық сотының судьясы, оның бұл қылмысты абайсызда жасағанын және кәмелет жасына толмаған балаларын ескергенін айтты. Дегенмен, сотталушы екі ұлынан айрылған отбасыға 5 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.   

Айдос СҰЛТАНОВ, ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жинақталған құжаттардың, дәлелдердің жиынтығымен кінәсі толығымен дәлелін тауып отыр. Нәтижесінде үш жасөспірім баланың қаза болғанын, кінәсін мойындамағанын, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып отыр.

Еске салайық, былтыр қарашада Тасболатовтар отбасы 4 жастағы және 10 айлық қос ұлынан айрылып қалды. Ал ақпан айында екінші отбасының 8 айлық қызы уланып, қайтыс болды. Үкімді тыңдаған сотталушының жұбайы алғашқы жағдайға кінә негізсіз артылып отырғанын айтты. Өйткені пәтерін дәрілеткен отбасы дін аман, деді.

Салтанат ЖАҢАБАЕВА, ЖҰБАЙЫ:
 
Көрші пәтерге жасадық. Бірақ біз четверг жасадық, суббота кірді олар. Ал бұл кісілер жексенбі күні уланып отыр. Олар тоже кішкентай баласымен кірген, еще тағы проветривать етпеген де, просто кіріп кеткен, болды. Но уланған жоқ. Ештеңе болған жоқ олар. Ал сосед қаяқтан уланады ол кезде.

Көпқабатты үйлерге бүрге мен тарақанға қарсы дәрі шашып келген маман үкімді онлайн тыңдады. Тергеу барысында оның залалсыздандырумен айналысуға лицензиясы болмағаны белгілі болды. Ол ауыл шаруашылығында қолданатын улы химикаттарды қолданғаны да сотта дәлелін тапқан.  

А. Төребекқызы