$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жамбыл облысында браконьерлерден 10 миллион теңгеден асатын шығын келген

AstanaTV
01.10.2020ж. 20:00
2213
Жамбыл облысында браконьерлерден 10 миллион теңгеден асатын шығын келген

Жамбыл облысында "Қызыл кітапқа" енген аңдарды аулаушылар тиылар емес. Жыл басталғалы браконьерлер мемлекетке 10 миллион теңгеден асатын шығын әкелген. Жуырда орман өртеніп, аңдар ауыл маңына қашқан. Осы сәтті қару асынған браконьерлер пайдаланған сыңайлы. Табиғатты қорғаушы мамандандырылған жасақ өткізген түңгі рейдке, аймақтағы әріптесім бірге шығып қайтты.

Жедел жасақпен көлікке отырып, бізде рейдке шықтық. Арнайы темір тұлпарлармен екіге бөлініп, құмды аймаққа кірдік. Көліктердің жарығын сөндіріп төңіректі бақылау үшін биік төбеге де шықтық. Түннің тынышын күзетіп, талжылмай бірнеше сағат жан жаққа көз жүгірттік. Құм ігінде жарық салып жүргендер алыстан көрінді.

Совет СЕЙДУАНОВ, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН «САПСАН» ЖЕДЕЛ ЖАСАҒАНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Жігіттер көрдіңдер Ақкесененің солтүстік жағында жүр. Бұл где-то 10-15 километр жер. Қазір біз барынша білдірмей баруға тырысамыз. Светті өшіріп.

Жасақ қызметкерлері жедел ұстау жоспарын құрды. Бірақ заңсыз аң аулаушыларды құрықтау мүмкін болмады. Ізіне түскенімен екі аяқты мотоциклге мінген әккі қаскөйлер ізін суытып үлгерді. Кейін бір-біріне хабар берді ме әйтеуір таңға дейін ешкім қара көрсетпеді. Мамандандырылған жасақ жыл басынан бері осындай 50-ге тарта рейд өткізіпті. "Қызыл кітапқа" тіркелген аңдарды атқандарға қатысты 3 қылмыстық іс қозғаған.
 
Ерназарбек ЖАНТАЕВ, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН «САПСАН» ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қарақұйрық пен Арқармен ұсталса ол өзінің пәленбай млн айыппұл төйлейтінін және сотталатын оның үстіне қылмыстық іс қозғалатынын жақсы біледі. Табиғат қасақылары өздеріне сенген мұздай қаруланғандар сабапта кеткен жағдайлары болды. Ұрып қолымызды сындырып, құмға көміп, өлтіріп кетеміздеп күш көрсеткендер болды.

Саладағы осындай қиындықтарды ескерген болар мемлекет басшысы биылғы жолдауында "Жануарларды қорғау туралы" Заң жобасын әзірлеуді тапсырған еді. Жалпы облыс бойынша жалпы аңшылық  ережесін бұзудың 40 дерегі тіркеліп, 179 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Браконьерлер мемлекетке 10 миллион теңгеден асатын шығын әкелген.

Берік ЖҰМАБАЙҰЛЫ, ТІЛШІ:

Айта кетейік бір қарақұйрық атқан азамат 3 млн 200 мың теңге айыппұл төйлейді. Ал бұлдырық құсына 800 мың теңге міндеттелген. Оған қоса 2 жыл 6 айға шартты түрде жаза кесіледі. Егер қылмысын қайталаған жағыдайда түрмеге тоғытылады.

Б.Жұмабайұлы