Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Коронавирус жұқтырған дәрігерлердің 14 % ғана өтемақы алған, - Н. Нығматулин

AstanaTV
02.10.2020ж. 20:00
2898
Коронавирус жұқтырған дәрігерлердің 14 % ғана өтемақы алған, - Н. Нығматулин

Коронавирус жұқтырған дәрігерлердің 14% ғана өтемақы алған.  Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин пандемиямен күрес кезінде Денсаулық сақтау министрлігінің жіберген қателіктерін айтты. Оның сөзінше, індетке шалдыққан ақ халаттылар туралы дерек әлі күнге дейін нақты емес. Атап айтқанда министрлік 4 064 қана медицина қызметкеріне өтемақы тағайындау туралы өтініш берген. Алайда, кеселді жұқтырған ақ халаттылар саны одан әлдеқайда көп. Мәжіліс төрағасы олардың саны 12 мыңнан асады, деді. Бұдан бөлек, дәрігерлердің вирусты жұқтырғанын анықтайтын комиссия жұмысы да дұрыс жолға қойылмаған.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осындай маңызды мәселелерді шешуге тікелей қатысы бар – вице-премьерден бастап министрліктің әр қызметкері – әрбір санның артында қиын жағдайда жұмыс істеген я болмаса ет жақындарынан айрылған адамдар тұрғанын түсінуі тиіс. Енді олар өздеріне тиісті ақшаны алу үшін талай табалдырық тоздыруға мәжбүр. Бұл тіпті адами көзқараспен қарағанның өзінде дұрыс емес.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Бізде вирусты қызмет ету кезінде я болмаса басқа жағдайға жұқтырғанын анықтау қиын болып тұр. Бірақ біз бұл мәселемен айналысып жатырмыз. Жақын арада бәрі біз ізге қойылады.

А. Мүтәлі