Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Камчаткада теңіз жануарлары жаппай қырылып жатыр

AstanaTV
05.10.2020ж. 20:00
2870
Камчаткада теңіз жануарлары жаппай қырылып жатыр

Ресей Камчаткасында теңіз жануарлары жаппай қырылып жатыр. Экологтар дабыл қақты ал жергілікті билік болса қалай ақталарын білмей жатқанға ұқсайды. Өткені олардың ұсынған үш түрлі болжамын мамандар қабылдамай тастады. Тақырыпты әріптесім Асылбек Данияр жалғастырады.

Тынық мұхиты. Таза ауа мен мөлдір су. Бұл сөздер бүгінгі күнге дейін Камчаткаға қатысты айтылатын. Жағдай өзгерді. Мұнда табиғи қасірет. Жағалаудағы 40 шақырымдық жерде теңіз жануарларының өлексесі шашылып жатыр.

Алды, сегізаяқ пен теңіз жұлдыздары, соңы ит балық. Камчаткаға бұл апат қайдан келді? Губернатордың үш түрлі болжамы бар екен.

Владимир СОЛОДОВ, КАМЧАТКА ӨЛКЕСІНІҢ ГУБЕРНАТОРЫ:

Бірінші нұсқа: адамның қолымен жасалған ластану немесе қандайда бір заттардың төгілуі. Тағы бір болжам, сейсмикалық белсенділік. Бірақ біз әзірге нақты себебін дөп басып айта алмаймыз.

Жергілікті серфингшілер қыркүйек айының басында судың түсі мен иісінің өзгеруіне шағымдана бастаған. Кейбірінің тамағы ауырса, енді бірінің көзі нашар көре бастапты. Осыдан кейін ғаламторға өлген жануарлардың фотосы мен видеосы жүктеле бастады.

Наталья ДАНИЛИНА, СЕРФЕР:


Кеше маған «мүйіз қабығының химиялық күйігі» диагнозы қойылды. Көзімде ақ жамылғы пайда болды, көру қабілетім нашарлады. Мен басында мән бермедім. Себебі, суда жүргенде күннің шағылысуы әсерінен мұндай жағдайлар болып тұратын. Бірақ, бір күнде үш метр жерде тұрғанды көре алмайтын күйге жеттім.

Судан алынған алғашқы сынамалар қыркүйектің 30-ы дайын болған. Ал, бұған дейінгі сараптама мұнай өнімдері мен фенолдың жоғарылағанын көрсеткен. Бірақ билік оны теріске шығарды. "Мұнай төгілген жоқ", дейді. Әлеуметтік желі пайдаланушылары болса, мұнда әскери оқу-жаттығулары өтті деп жазып жатыр.

Екатерина, "ДЫБА" СЕРФИНГ МЕКТЕБІНІҢ ӘКІМШІСІ:

Алғашқы белгілер пайда болған кезде, Халактыр жағажайы мен акваторияда әскери жаттығулар өткізілді.

Су мен құмнан шамамен 250 келі сынама алыны, Мәскеуге жіберілді. Оны алдағы уақытта Ресей Ғылым академиясының ғалымдары мен танымал сарапшылар зерттемек.

А. Данияр