$474.83 €515.38 ₽5.5
×

Ақтөбеде жүздеген тұрғын өз пәтерлеріне иелік ете алмай отыр

AstanaTV
07.10.2020ж. 20:00
2151
Ақтөбеде жүздеген тұрғын өз пәтерлеріне иелік ете алмай отыр

Ақтөбеде тұтас бір үйдің тұрғындары өз баспаналарына иелік ете алмай жүр. Жиған тергенін салған пәтерлерінің заты бар, бірақ құжаты жоқ. «Жилище» тұрғын үй құрылыс кооперативінен пәтер алғандар құжаттарын рәсімдей алмай жүргендеріне 2 жылға жуықтаған. Амалы таусылған халық бүгін қала әкімдігі отырған ғимаратқа баса-көктеп барды.

Әкімдік алдына жиналған бұл адамдар өздері тұрып жатқан пәтерлеріне құжат рәсімдей алмай жүр. Олар былтыр шілде айында жаңа ауданнан су жаңа пәтер алған. Баспана тапсырылысымен, құрылысқа жауапты компания басшысы, істі болып қамауға алынды. Ал, қоныс иелері құжаттарын рәсімдеп үлгермеген.  

Гүлнәр ЕРҒАЛИЕВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 
Шілде айынан бері, 2019 жылы біздер алтыншы үй отырмыз. Бірақ ешқандай толк жоқ, документ жоқ. Құжат жоқ ешқандай. Себеп ол кісінің мәселесі шешілген жоқ. Соған байланысты бізде прописка жоқ, балаға садик, мектепке ештенеге орналастыра алмаймыз.


Жәнібек ТАНЖАРБАЙҰЛЫ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Емхана қабылдамайды прописка жоқ. Барлық жерде ауада тұрмыз. Енді акиматтан көмек береді шығар деген оймен осында бүкіл халық жиналып келіп тұрмыз.

Осындай жағдайға кооперативтен үй алған жүзден астам тұрғын тап болған. Екі бірдей көп қабатты тұрғын үйдегі пәтерлерге ақша салғандар, мәселелерін шешетін жан таба алар емес.  

Дәметкен ӨТЕГЕНОВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
Бар жаққа жаздық, акиматқа , прокуратураға жаздық. Прокуратураның искі бойынша сот өтті. Онымен сотта жерімізді арестке қойып қойған сот отказ берді бізге.

Қала әкімі жиналғандарға төбе көрсетпеді. Ішкі саясат бөлімінің басшысы шығып, даурыққандарды сабырға шақырды. Ол сот шешімі шықпай әкімдіктің де қолы байлаулы екенін жеткізді.

Мадияр ҚАБЫЛ, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Негізгі міндеттемелері Қауысов мырзаның бұл азаматтарға қатысты толық орындалмаған. Құжаттар рәсімделмеген, салынған үйлердің ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілмеген. Бірінші қылмыстық іске қатысты сот шешімі күшіне еніп нүкте қойылғаннан кейін бұл азаматтардың мәселелерімен әрі қарай шұғылданатын боламыз.

Баспанасынан айрылып қаламыз ба деген жұрт, сотқа да арызданыпты. Облыстық мамандандырылған ауданаралық сот, жуырда азаматтық істі қарап, олардың арызын қанағаттандырмаған. Енді олар, қала әкімдігімен бірлесіп арнайы топ құрған. Мақсат апелляциялық сотқа жүгіну.

Б. Рахметова