Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Праймеризге қатысушылар алдағы пікірсайыстарда бақ сынайды - Б. Байбек

AstanaTV
07.10.2020ж. 20:00
1967
Праймеризге қатысушылар алдағы пікірсайыстарда бақ сынайды - Б. Байбек

Primaries.kz порталында қатысушылардың жалпы рейтингі жарияланды. Онда жастар мен әйелдер арасынан түскен кандидаттардың да тізімі де көрсетілген. Бұл туралы "Nur Otan" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды. Оның дерегінше, Партияішілік іріктеудің екінші деңгейінде аудандық және қалалық конференциялар өткізіледі. Онда іріктеуден өткендер өзара пікірсайысқа түседі. Сөйтіп, мәслихатқа баратындардың партиялық тізімі анықталмақ. Мұнан соң үшінші кезеңде облыс пен Мәжіліске баратындар нақтыланбақ.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Праймериз ережесіне сәйкес Парламенттің төменгі палатасындағы «Nur Otan» партиясының депутаттары облыстық партиялық конференцияларда үшінші деңгейдегі партияішілік іріктеуге қатыса алады. Облыстық мәслихаттарға партиялық тізімдер тиісті конференцияларда, ал Мәжіліске арналған қорытынды тізім – «Nur Otan» Съезінде бекітіледі.

Ғ.Өтемісов