Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Шетелден ұшып келген 6 қазақстандықтан коронавирус инфекциясы табылды

AstanaTV
12.10.2020ж. 20:00
1589
Шетелден ұшып келген 6 қазақстандықтан коронавирус инфекциясы табылды

Шетелден ұшып келген 6 қазақстандықтан коронавирус инфекциясы табылды. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, науқастар мінген ұшақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына қонған. Қытайлық індет жалпы еліміз бойынша қанатын жая бастағанға ұқсайды. Әсіресе, солтүстік пен шығыста COVID-19-ды жұқтыру динамикасы өскен. Ал, Маңғыстау облысында карантиндік шаралар қазанның 13 бастап күшейтілмек. Тақырыпты әріптесім Асылбек Данияр жалғастырады.

Жалпы COVID-19 дертінің сырттан кіру көрсеткіші ана ғұрлым тұрақты. Мамандардың айтуынша, ұшып келіп жатқан адамдарың дені қытайлық індеттен аман көрінеді. Ал, короновирустық инфекция Түркия, Ресей, Беларусь және Өзбекстаннан келген туристтерден табылып отыр. Науқастар карантинге жабылып, олармен байланыста болған адамдар түгел бақылауға алынған. Елге қазанның 6-12 аралығында халықаралық рейстермен 14 мыңнан астам адам ұшып келді. Оның 12 мыңға жуығында тиісті анықтама қағазы болған. Қалған 2600 анықтамасыз қоныпты. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес олар 2 тәулікке оқшауланды.

Дария ӘЗІМБАЕВА, ҚР ДСМ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Олар осы Нұр-Сұлтан қаласында 1 адамнан анықталды. Алматы қаласында 3 адамда, Шымкент қаласында 2 адамнан зертханалық тексеру бойынша анықталды. 6 қазаннан 12 қазанға дейін 17 шетел азаматын депортация жасадық: Нұр-Сұлтан қаласынан 8 адам, Алматы қаласынан 9 адамды.

Алғашқы науқастың бірі Мәскеуден келген. Ресей астанасынан ұшып келген 30 жасар жігіт стационарға жатқызылды. Ал, бортта болған басқа 24 адам дәрігерлер қарауына алынды.

Әйгерім АРДАҚҚЫЗЫ, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Науқастың нәтижелері анализ алған соң 4 сағаттан кейін дайын болды. Жолаушыдан аурудың симптомсыз түрі анықталып, үй жағдайындағы карантинге жабылды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Ер адамды тұрғылықты мекен-жайдағы емхана қызметкерлері бақылайды.

Бұл жағдай қазанның 7-сі Ақтөбенің карантиндік стационарында түсірілген. Видеода медицина қызметкерлерінің қарапайым санитарлық талаптарды сақтамағаны көрініп тұр. Жолаушылар арасында да арақашықтық сақталмаған. Ал, сынама алып жатқан мамандар болса қолғапты ауыстырмай қызмет көрсетіп жатыр.

Бекболат ІЗБАСАРОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Медицина қызметкерлерінің қорғаныс киімдерінің болмауы және материал алу техникасының орындалмауы.  Жауапты аға дәрігер тәртіптік жазаға тартылды. Ескерту жарияланды.


Коронавирус бойынша елдегі жағдайға қысқаша тоқталсам. Қытайлық індетті жұқтырғандар саны: 109 мыңға жуықтады. 1768 науқас қайтыс болды. Ал, өкпе қабынуымен 35 мыңдай жағдай тіркелді, өлім дерегі: 368. Сонымен бірге, COVID-19 өршіген Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданы мен Маңғыстау облысында карантиндік шаралар күшейтілмек.

А. Данияр