Қызылорда қаласының тұрғындары жол азабын тартып келеді. Арнамызға Әл-Фараби 15-ші көше тұрғыны хабарласты. Айтуынша күн ыстықта шаң, жаңбыр жауса балшық кешіп жүргендеріне бірнеше жыл болыпты. "Биыл жөнделетін тізімде болғанбыз, бірақ өзгеріс әлі жоқ", дейді наразы көрерменіміз. Тыңдайық.
Ақнұр ӘЛІБАЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Биылғы жөндеу жүргізілетін көшелердің тізімінде бармыз. Бірақ жан-жағымыздағы көшелерді жөндеп, біздің көше қалып кетіп отыр. Біз әкімдікке бардық, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміндегі адамдармен сөйлестік. Бірақ нақты жауап берілген жоқ. Ақша бөлінген, ақша тұр, бірақ мердігер компания жасамай кетті деді. Ол неге жасамай кетеді?
Бұл мәселенің шешімін табу мақсатында қала әкімдігіне хабарластық. Қазір бізбен байланыста Біржан Далабаев. Қайрылы кеш, бұл мәселемен таныссыз, бірнеше жыл болды жол жоқ дейді тұрғындар, неге жөнделмей келеді?
Біржан ДАЛАБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА қ. ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Саламатсыздар! Қызылорда қаласы Әл-Фараби 15 көшесі биылғы жылы жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелер тізіміне енген. Аталған көше қазан айының соңына дейін жөндеу жұмыстарынан толық өтеді.
Биылғы тізімде көрсетілген екен, жөнделе ме? Нақты мерзімін айтсаңыздар?
Біржан ДАЛАБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА қ. ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Қазан айының соңына дейін толық аяқталады.
Сұхбатыңызға рақмет, Біржан Далабайұлы! Өзіңіз айтқан мерзімде жол мәселесі шешіледі деп сенейік. Біздің бақылауда болады. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған проблема болса - экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласып, аудио немесе видео жолдаңыз. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.
Ә. Өмірзақ