$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қоғамдық кеңестің тиімділігі Алматыда өткен жиында айтылды

AstanaTV
15.10.2020ж. 20:00
2078
Қоғамдық кеңестің тиімділігі Алматыда өткен жиында айтылды

Соңғы 4 жылда қоғамдық кеңестің көмегімен 19 мың нормативті-құқықтық құжат қайта қаралған. Бұл туралы бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты. Қоғамдық кеңес мүшелері Алматыда дөңгелек үстел басына жиналды. Олар бақылауды күшейту, мемлекеттік органдармен байланысты арттыру мәселесін жан-жақты талқылады. Ой-пікірлерімен бөлісті. Министрдің айтуынша, Республиканың әр өңірінде құрылған қоғамдық кеңес тұрғындарды алаңдатқан 1500-ге жуық мәселені талқылаған. Яғни, ауыз су, санитарлық жағдай, қызмет көрсету, медицина және білім саласындағы мәселелер көтерілген. Айта кетейік, қазір ел аумағында 4 мыңнан аса белсенді қызмет атқарып жатқан, 234 қоғамдық кеңес бар.  

Аида БАЛАЕВА, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:

Қоғамдық кеңес қолға алынғалы бері бірқатар жетістіктер бар. Бірінші, қоғамдағы маңызды мәселелер мемлекеттік органдар арқылы жылдам шешім табуда. Екінші, қоғамдық кеңес арқылы соңғы төрт жылда 19 мың нормативті-құқықтық құжат қайта қаралған. Сонымен қатар, құрылыс саласы, пәтер иелері коперативі, жол сапасы және қажетті тауар мәселесі де жылдам шешілуде.

А. Кемелжан