Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алматыда банкі бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды

AstanaTV
16.10.2020ж. 20:00
2581
Алматыда банкі бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды

Алматыда банк бөлімшесі тоналды. Оқиға кеше кешкісін болған. Суық қарумен қаруланған екі қарақшы бөлімшелердің біріне баса көктеп кіріп, кассадан 2 млн теңге алып кеткен. Абырой болғанда, банк қызметкерлері аман. Шабуыл жасалғанда, бөлімшеде қызметкерлерден басқа адам болмапты. Қылмыскерлердің әрекеті банкте тұрған бейнебақылау камерасына жазылған. Полиция департаменті келтірген деректерге қарағанда, қарақшылар әзірге ұсталмаған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ Қ. ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталмыш дерек соталды біріңғай ресстрде тіркеліп, арнайы тергеу тобы құрылған болатын. Оның құрамына өте тәжірибелі із кесушілер енді. Қазіргі таңда осы қылмысқа қатысы бар тұлғалар анықталуда. Олар міндетті түрде ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Тергеу барысы полиция департаментінің басшылығының назарында.

А. Кемелжан