Елде жасөспірімдер арасында өзіне өзі қол салатын факті жиілеп кетті. Олардың дені ғаламтормен байланысты. Балаларды компьютерлік ойынмен баулап алып, артынан оларды өлімге итермелейтін топтар көп. Жыл басынан бері сондай 14 топ анықталып отыр. Бұлармен алысудың амалы бар ма? Балаларды қалай қорғасақ болды? Әріптесім Әсем Лесбек тақырыпты зерттеп көрді.
Ғаламтор желісінде жасөспірімдердің санасын улайтын ойын көп. Соның кейбірі, жеткіншектерді өлімге итермелейді. Қауіпті онлайн ойындардың дені көрші Ресейден кірген. Әлеуметтік желілер арқылы тараған ойындардың ең әйгілісі «Синий кит» пен «Тихий дом». Жастар арасында суицидті насихаттайтын "от ойындардың" кейбірі өзіміздің елде де бар. Жуырда соның бірі Арыстан, екіншісі шығыс аймақтан анықталды.
Нұрділдә ОРАЗ, ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Түркістан облысысында Арыс қаласының тұрғыны ұсталды. Ол өзі құрған телеграмм каналдары арқылы жасөспірімдерді суицидтік бағыттағы ойындарға қатысуға шақырып отырған. Тексеру барысында осы ойынға қызығушылық танытып, ойынға қатысып 21 тапсырманың 12-сін орындаған.
Ішкі істер органдары әлеуметтік желілерді мұқият сүзуге тырысады ақ. Мониторинг кезінде, күдік тудырған топтар бірден бұғатталады. Алайда, ол аздық етеді. Қауіпті топтармен күресті жағыз ішкі істер органдары ғана емес білім жәні ғылым министрлігі де қолға алды.
Гүлнәз ҚАШҚАРОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
Әрине қоғамда балаларды суйцидке итермелейтін ойындар азаймай тұр. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін комитет телеграмм желісінде «БАЛА ҚОРҒАУ» чатында ашқан болатын. Осындай жағдаймен 3000-ға жуық арыз түсті. Әр қайсысына жеке-жеке шара қолданылуда.
Бір өкініштісі мұндай онлайн-ойындар қармағына мектеп оқушылары жиі түсіп жатады. Бұған ойын жасындағы баланың ақ-қарасын ажырата алмауы себеп болуы мүмкін. Сондықтан мамандар, мектеп қабырғасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алды. Педагогтар ғана емес ата-ана да бұл майданда ат салысуы керек.
Гүлнәр КЕТПЕНБАЕВА, ПСИХОЛОГ:
Үлкендер тарапынан қадағалаудың аздығынан болып тұр. Мейлі ол ата-аналардың тарапынан болсын, ересектердің тарапынан болсын ата-аналар балаларының неше уақытта отырып, компьютерлік ойын ойнап отыр, жоқ әлеуметте келеңсіз ақпараттарды қарап жатыр ма сол жағы қадағалаусыз. Ойынның әлемін өміріне әкелгендігі. Сонда ойын мен өлім, өмір мен өлімді бала ашып түсіне алмайды.
Психологтардың сөзіне қарағанда, қауіпті ойын "ілмегіне ілінгенін, балалар көпке дейін аңғармай жүреді. Желідегі кураторларға да керегі осы. Кейін олар, ойынды қыздыра түсіп, балаларды жарға итеретін көрінеді.
Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:
Әлеуметтік желіде күні-түні онлайн отыратын кураторлар әр баланы зерттейтін көрінеді. Тапсырмалары да әр балаға сай. Негізінде олар, интернет арқылы ұян, момын немесе жан күйзелісіне түскен балаларды іздейді екен. Құзырлы органдар қанша алысқанымен ондай қауіпті топтар азаятын емес. Өйткені, олар өздерін ғаламторда тым еркін сезінеді.
Ә. Лесбек