$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мемлекеттік органда қызмет ететін IT-мамандар өте әлсіз – Б. Мусин

AstanaTV
16.10.2020ж. 20:00
5554
Мемлекеттік органда қызмет ететін IT-мамандар өте әлсіз – Б. Мусин

Ғаламтормен қамту мәселесін үкімет әлі созбалақтап келеді. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин бүгін Сенаттағы Үкімет сағатында бұған интернет сапасына қатысты тиісті заңның жоқтығы себеп деді. Соның салдарынан телекомуникация саласының өкілдері қызметтерін жүрдім-бардым атқаратын көрінеді. Күллі елдің қытығына тиген интернет ауыл-аймаққа қашан жетеді? Айя Мүтәлі тартқатады.

«Цифрлы Қазақстан» болуға ұмтылғалы қашан? Бірақ әлі күнге дейін ауыл-аймақ интернетпен қамтылмай келеді. Ғаламторға қосылу үшін тау-тасқа өрмелеп, тіпті дәретханада сигнал іздеп жүргендер де жетерлік. Елорда маңындағы Жібек жолы ауылының тұрғындарының да күйі осы.

Айнұр ҚАСЫМОВА, ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Аршалы ауданына қанша хабарлассақ та, интернетті қосып бермеді. Бізге қазақ телеком үнемі мүмкіндік жоқ деп айта береді.


Интернеттің машақаты бұл ауылда ғана емес. Министр жылдың соңына дейін 5 жарым мың елді-мекенді ғаламторға қосуға уәде етті. Ал оны үйге тарту жағын кәсіпкерлерді субсидиялау арқылы шешпекші. Сондай-ақ, ол тұрғын үй кешендері де бұдан былай интернетсіз пайдалануға берілмейтінін жеткізді. Оның сөзінше, ел ішінде ғаламтор өз алдына, сауатсыз IT мамандарда қаптап кеткен. Әсіресе, мемлекеттік органда қызмет ететіндері әлсіз жұмыс істейді екен.

Бағдат МУСИН, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ:

Біз жүргізген зерттеуге сәйкес, орталық және жергілікті атқарушы органдардың IT бөлімінде 500-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Оның 50%-дан астамында диплом жоқ. Бұл оларға өте төмен жалақы ұсынатындығымен байланысты.

Елордалық IT Университетінің мұғалімі Дидар Әділхан да кәсіби мамандардың мемлекеттік органдарда қызмет етуге келісе бермейтіндігін айтты. Себебі, оларға толық жағдай жасалмаған.   

Дидар ӘДІЛХАН, IT МАМАНЫ:

Көп мекемелер әлі күнге дейін қағазбастылықтан арылмаған. Тиісінше, бұл IT саласының қызметі мен мүмкіндігін азайтады. Тағы бір айта кетерлігі, бізде нағыз маман дайындайтын ЖОО-ы да санаулы. Дипломы бар түлектердің бұл саланы әрі қарай  алып кету-кетпеуі де осы оқыған универсиетіне де байланысты.  

IT мамандығы бойынша білім алып, артынан басқа салаға кетіп жатқандардың көп екенін сенаторлар да байқапты. Олар биыл осы салаға 8 жарым мың грант бөлінгенін еске салып, жұмыссыздардың қатарын азайту шараларын қазірден бастауға шақырды. Ол үшін IT мамандарынының қоғамдағы беделін арттыруды ұсынды. Қажет болса, мұғалім мәртебесіндей, ерекше статус беру керек, деді сенаторлар.  

А. Мүтәлі