Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қарағандыда «Qoldau» еріктілер орталығы ашылды

AstanaTV
16.10.2020ж. 20:00
1890
Қарағандыда «Qoldau» еріктілер орталығы ашылды

Қарағандыда «Qoldau» еріктілер орталығы жұмысын бастады. Белсенді жастарға арналған мекеменің ашылуына «Nur Otan» партиясы мұрындық болған. "Қолдаудың", мақсаты: көзі ашық көкірегі ояу жастардың басын бір ортада қосу.

Болат ХАМИТОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ "JAS OTAN" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл жер Қарағанды облысының барлық волонтерлары үшін бірігіп, жұмыс жасауға жағдай жасалған. Жалпы, волонтерлардың бір орталықта отырып жұмыс істеуі, сонымен қатар бір жерде бірігуі үшін осындай коворкинг орталықтары керек деп есептеймін.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, орталықта ерікті жастар бас қосып, болашақ волонтерларды дайындайды. Қарағанды облысында негізінде еріктілер ұйымы аз емес. Аймақта осы күнде жүзге тарта волонтерлік орталық бар. Бұл ұйымдарда жиыны 7 мыңға жуық ерікті жастар тіркелген. Олар, әлеуметтің әлжуаз тобына қол ұшын созып жүр. Корновирустық пандемия басталғалы бері қарағандылық еріктілер 66 мыңнан астамға көмек көрсете білді. Олар, мүгедек жандар мен көпбалалы отбасыларға және ардагерлерге азық-түлік пен дәрі-дәрмек тегін жеткізіп беріп отырды.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Олар қоғамның әлсіз тобын тек қиын-қыстау заманда ғана емес, күнделікті өмірде де қолдап отырады. Мен еріктілерден басқа біздің кәсіпкерлерге де бөлек алғысымды білдіргім келеді. Олар бұл кезеңде шет қалмай, игі істерімен көзге түсті.


А. Құрманкин