Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елордада жаңа саябақ ашылды

AstanaTV
19.10.2020ж. 20:00
3671
Елордада жаңа саябақ ашылды

Елорда іргесіндегі Көктал-1 елді-мекенінде жаңа саябақ ашылды. Жаңадан бой көтерген демалыс орны көлемі жағынан, бас шаһардағы екінші ірі саябаққа айналып отыр. Нысанның ашылу рәсіміне қала әкімі Алтай Көлгінов қатысты. "Парк серуендеуге ғана емес спортпен шұғылдануға да қолайлы", деді Елорда әкімі. Саябақта жазғы және қысқы спорт түрлерімен айналысуға арналған алаңшарлар салыныпты.

Сарыарқа ауданы, елордадағы халқы тығыз орналасқан аумақтың бірі. 19 мың гектар жерде 310 мыңнан аса тұрғын бар. Кейбір елді мекендер қала сыртында орналасқан. Соның бірі Көктал-1 ықшам ауданы. Жергілікті халық аудан мен қала басшылығына бірнеше рет өтініш жасаған. "Саябақ салынса екен", деген көптің тілегі бар еді. Жаңа демалыс орыны жақында ашылды.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Сіздерге енді газ келіп жатыр. Абаттандыру жасалып жатыр. Барлығы сіздер үшін.  Енді осыны күтіп ұстау керек. Сындырмау керек. Бұзбау керек.

САУАЛНАМА:

- Карантин болып жатқан кезде өте игілікті іс болды. Қаланың көркею халыққа көңіл бөлу деген сөз. Мынау табиғат аясында көбірек жүрсек, мынау денсаулығымыз жақсы болады.
- Мынау спортпен айналысатын адамдарға неше түрлі площадкалар бар екен. Таза ауа. Өте қуаныштымыз.


Саябақ 16 гектар жерді алып жатыр. Яғни, көлемі жағынан ботаникалық саябақтан кейінгі екінші орында тұр. Демалыс орнының тағы бір ерекшелігі -мұнда ашық аспан астында кинотеатр я болмаса концерт ұйымдастыруға болатын амфитеатр салынған. Бұдан өзге, паркте барлық спорт түрлеріне арналған алаңшалар тұрғызылды. Қысқы мезгілде коньки, шаңғы тебуге де болады.  

Айдын БЕГІМБЕКОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мұндай саябақ елордамызда жоқ деп айтсақ болады. Өйткені, бұл жерде тұрғындарға, қонақтарға арналған барлық жағдай жасалған. 3- алаңдада айналдыра веложол, жүгіру жолы қарастырылған. Үлкен кісілерге арналған демалыс орындары бар. Бұл жер толық сергек видео камерасымен жарықтандырылады. 30-дан артық камера орнатылады.  

Саябақтың айналасы абаттандырылған. Түрлі-түсті шамдар орнатылып, тратуар төселген. Жергілікті жұрт демалыс орнын күтіп-бағуға бүгіннен кірісті. Саябақтың маңын тазартып, жүздеген түп тал отырғызды.  

А. Мүтәлі