$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Көше киімдерін тігетін сәнгер Сәбит Сырахан неден көз жұмды?

AstanaTV
19.10.2020ж. 20:00
5436
Көше киімдерін тігетін сәнгер Сәбит Сырахан неден көз жұмды?

Отандық сән әлемінде қайғылы оқиға. Жас дизайнер Сәбит Сырахан адам қолынан қаза тапты. Полицияның хабарлауынша, сәнгерді жүріп жүрген қызының ағасы соққыға жыққан. 29 жастағы күдікті ұсталып, айыбын толық мойындапты. Әсем Лесбектің репортажы.

Сәбит Сырахан дизайнерлік салаға келгенінде осындай жазба қалдырыпты. Ол, суреттің қыр-сырымен 6 жыл бөліскен екен. Кейіннен Сәбиттің жұлдызы жанды. Әлеуметтік желідегі қарапайым топ, "Bisen" брендіне айналды. Сәбиттің қолынан шыққан киім үлгілерін өнер жұлдыздары іздеп жүріп алатын болған.

Сәбит Сыраханның кісі қолынан қаза тапқанын белгілі рэперлер жазды. "Айыпты тиісті жасасын алады", деген сенім білдірген.

ИНСТАГРАМ:


«Bisen енді біздің жанымызда емес. Бірақ оның аты мен логотипі мәңгі жүрегімізде! Мына логотипты көрмедім демеңіз.

Есік алдында белгісіз біреулердің төбелесіп қалғаны туралы ақпарат полицияға, қазанның 17-нен 18-не қараған түні түсіпті. Сәбит Сырахан қатты соққы алса керек. Марқұм, жедел жәрдем жеткенше жүріп кетіпті.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


Осы қылмысты жасады деген күдікпен бірден 1991 жылы туған Д.азамат ұсталды.  Ол, кісі өлтіргенін мойындап, өзінің дұшпандық қарым-қатынасы үшін қарсыласын ұрып-соққанын айтты.


Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Күдікті осы уақытта уақытша оқшалау абақтысында отыр. "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалған. Сот алды тергеу амалдары жүріп жатыр. Егер айыбы дәлелденіп жатса онда ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ә. Лесбек