$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Экс-полицейдің үкіміне жәбірленушілер келіспейді

AstanaTV
20.10.2020ж. 20:00
2805
Экс-полицейдің үкіміне жәбірленушілер келіспейді

Ішімдік ішіп Алматы маңындағы блок-бекетті бұзып, ондағы әріптестерін қағып өлтірген экс-полицей Азат Азаматовқа сот үкім кесті. 10 жылға бас бостандығынан айырып, жәбірленушілерге қомақты өтемақы төлеуге міндеттеді. Бірақ балаларынан айрылған жәбірленушілер бұл жазамен келіспейді. Алматы облысы Қарасай ауданының сотына қатысып қайтқан, әріптесім Әсем Лесбектің репортажы.

Айыпталушы экс-полицей сот залында болмады. Ол өзіне шығарылған үкімді түрмеде отырып, онлайн тындады. Судья, шешім шығарарда оның кішкентай баласының барын және кінәсін толық мойындағанын ескеріпті.

Мәди КӨШІКБАЕВ, ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
 
Азаматов Азат Талғатұлы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-те 1-бабының 1- бөлімімен кінәлі деп танылсын және оған өмір бойы көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Сондай-ақ, сотталушы жәбірленушілерге өтемақы төлеуге міндеттелді. Марқұм Дастан Әбдіқановтың артында қалғандарына шамамен 40 млн теңге, ал екінші полицей Жарас Жанғазиевтің жарына 20 млн теңге өтейтін болды. Бірақ жәбірленуші тарап, сот үкімімен келіспейді.  

Жанатгүл ӘБІРОВА, Д.ӘБДІҚАНОВТЫҢ АНАСЫ:

Өте төменгі жаза беріп отыр. Баламнан айрылып отырмын. Мәңгілікке қаза. Орны толмас қайғы қасіретте отырмын. Ал оның әкесі құқық қорғау орнында жұмыс істейді екен. Өзі де құқық қорғау органында жұмыс істеген адам. Жауапкершілігі жоқ адам. Пандемия кезінде арақ ішіп.

Нұрсұлу ЖАНҒАЗИЕВА, Ж. ЖАНҒАЗИЕВТІҢ АНАСЫ:
 
Максимальный алу керек еді, 10 жыл деген ертең-ақ өтеді да шығады ғой. Мен балам 40-қа келмей кетті. Ол 40-қа келгенде шығады. Үш баласы жетім қалды. Баласын көре алмай қалды. Күткен баласын.

Ал сотталушының әкесі БАҚ өкілдеріне жауап бергісі келмеді. Жәбірленушілер олардың ең аяғы кешірімде сұрамаған жеткізді.

Динара АМАН, Д.ӘБДІҚАНОВТЫҢ ЖҰБАЙЫ:

Алты ай өтті. Не мамасы, не келіні, не әкесі кешірім жоқ.

Естеріңізге салсақ, биыл 25-ші мамырда Көксай ауылындағы блок-бекетті, «BMW» автокөлігі бұзып өтіп, полиция көлігіне соғылған еді. Қызметтік көлікте отырған 2 тәртіп сақшысы сол жерде жан тапсырған болатын. Тағы біреуі оңбай жарақаттанды. Көз жұмған полицейдің әкесі тиісті заңды қатаңдатпай, жүйеде тәртіп болмайды деді.

Маратжан ӘБДІҚАНҰЛЫ, Д.ӘБДІҚАНОВТЫҢ ӘКЕСІ:

Ол өзі полиция қызметкері болды. Тәртіпті де біледі. Соны біле тұра арақ ішіп, рөлге отырып.Үш бірдей отбасы қазір соның кесірінен қорланып отыр. Бізде заңды қатаңдатпай бұл арақ ішіп рөлге отыру деген тоқтаймайды.


Судья сотталушы Азат Азаматовтан мемлекет пайдасына 5 млн 450 мың теңге көлеміндегі сот шығындарын өндіріп алу туралы шешім шығарды. Әрі 600 мың теңгеге жуық мемлекеттік баж салығын талап етті. Бұдан бөлек, 5 мил 400 мың теңге полиция департаментіне келтірілген материалдық шығынды да төлеуге міндеттелді.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:


Соған қарамастан жәбірленуші тарап, істі бұлай қалдырғысы жоқ. Енді аппеляциялық сотқа шағым түсірмекші.

Ә. Лесбек