Түркістан облысында баспанасы суда қалып, үйсіз қалған мақтааралдықтар жаңа қонысқа жайғасып жатыр. "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қуаныш иелерін салтанатты түрде құттықтап, жаңа үйлердің кілтін табыстады. Жұмыс сапары барысында нұротандықтармен кездесті. Мұнан соң партия депутаттарының қаржысына Шымкентте салынып жатқан көпқабатты үйдің құрылысымен де танысты.
Бұл - мақтааралдықтар көптен күткен қуаныш. Биылғы мамыр айында үйлерін су басқан аудандағы 400-ге жуық отбасына су жаңа баспаналар берілді. Елбасының бастамасымен «Birgemiz» қоғамдық қорынан 20 үйдің құрылысына 340 миллион теңге бөлінген болатын.
Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Елбасының тапсырмасы, Президенттің қолдауының арқасында қолдауының арқасында аз ғана уақыттың ішінде көптеген үйлер салынып, бүгін осындай қуанышты сағатта сіздерді тағы бір рет құттықтағым келіп отыр. Бүгінгі осы жаңа үйлерге кіретін азаматшаларға, отбасыларға, азаматтарға мен тек қана бақыт тілеймін. Осындай жаманшылық өңірде болмасын. Шын мәнінде біз бәріміз елдігімізді көрсетіп, бірге екенімізді көрсетіп, осындай қысқа мерзімде үлкен істерді жасап тастадық. Сондықтан сіздерге табыс тілеймін.
Бейсенгүл АҚМҰРЗАЕВА, МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Nur Otan» партиясының басшылығымен көмекке азық-түліктен, киім-кешектен, гуманитарлық көмектен жәрдем берген барша «Nur Otan» қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Мынау Елбасымыздың басшылығымен «Nur Otan» партиясы Достық елді мекеніне 20 тұрғын үй салып, біздерге өз қолымен кілт тапсырып, біздерді... өте толқып тұрмыз..өте қуаныштымыз. Сіздерге рахмет! «Nur Otan» партиясы біз сіздерге сенеміз. Біз сіздермен біргеміз.
Қордың қаражатына салынған баспаналарға Достық ауылының тұрғындары қоныстанды. Төрт бөлмелі үйлердің аумағы 100 шаршы метрді құрайды.
Бұдан бөлек аталған қордың қаржыландыруымен Фирдоуси ауылында тағы 12 баспана салынып жатыр. Оның құрылысы қараша айының басында аяқталуі тиіс.
Мұнан соң Бауыржан Байбектің сапары Шымкентте жалғасты. Водопьянов көшесінде былтыр жазда өртеніп кеткен көпқабатты үйдің тұрғындарымен де кездесті. Оларға арнайы салынып жатқан баспана құрылысымен танысты. Бұл мәселе жыл бойы партияның бақылауында болды. Тұрғындармен кездескен Бауыржан Байбек осы аралықта үшінші мәрте кездесіп отырғандарын атап өтті.
Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Барлық әкімдер болған, бастаған. Бәрі де мен ойлаймын, бүгін қуанып жатыр. Партия тарапынан Елбасы қадағалап, тапсыр.. «Nur Otan» партиясы нақты істердің партиясы халықтың. Сондықтан біз үшінші рет келіп отырмыз, қарап, қадағалап..Партия қала бойынша, өңір бойынша бес жылға арналған сайлау алды бағдарламаны дайындады. Нақты ішінде көрсеткіштер бар. Қандай жол салынады, .. қандай жол салынады, транспорт жүйесі..бәрі нақты айтылған. Ел бүтін болса, бәріміз бірге болсақ, бір-бірімізді қолдасақ, саяси тұрақтылық болса, «Nur Otan» партиясы секілді саяси күш болса онда бәрі дұрыс болады.
Айта кетейін, 5 қабатты үй «Nur Otan» партиясы депутаттарының қолдауымен салынып жатыр. Оның инженерлік желілерін тартуға жергілікті бюджеттен 550 млн теңге бөлінген. 42 отбасының қазір құжаттары әзірленіп жатыр. Қараша айында құжат қолдарына тиісімен жаңа пәтерге жайғаспақ.
Запура БАТЫРБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Өте қуаныштымыз. Жүрегіміз жарылып кете жаздап тұр. Рақмет Елбасына, біздің «Nur Otan» партиясына да, біздің Шымкенттің басшыларына да. Жалпы іші тамаша істелінген.
Бауыржан Байбек осы күні киелі мекен - Түркістанғада табан тіреді. Көне қаланың қысқа мерзім ішінде түлеп, адам танымастай болып өзгергенін жеткізді. Партияның өңірдегі белсенділерімен кездесіп, олардың өңірлік және қалалық сайлауалды бағдарламаларының жобаларын талқылады.
А. Төребекқызы