Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбеде зират айналасындағы дауға қатысты жаңа деректер пайда болды

AstanaTV
20.09.2017ж. 20:00
3933
Ақтөбеде зират айналасындағы дауға қатысты жаңа деректер пайда болды

Ақтөбе маңындағы зираттардың бәрін бір ғана компанияның сенімгерлік басқаруға алғаны күдік туғызады. "Астана" арнасына сұқбат берген Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департамент басшысының орынбасары Сағындық Ерғалиев осылай деді.  Құзырлы орган тарапынан қала әкімдігіне алдын ала ескерту де жіберіліпті. Себебі қазіргі қожайынның үстінен жерлеу рәсімдерін өткізетін өзге компания өкілдері бұған дейін шағымданған көрінеді. Олар «Жерлеу рәсімдерінің орталығы» серіктестіктігі, ашық бәсекелестікке жол бермей отыр деп арыз жолдаған. Департамент өкілдері әкімдік пен серіктестік жұмыстарына тексеру жүргізуді жоспарлап отыр.

Сағындық Ерғалиев, ҚР ТМР және бәсекелестікті қорғау қомитеті департамент басшысының орынбасары:

Зираттарға жерлеу рәсімдерін өткізетін басқа мекемелердің жіберілмей отырғанын көріп отырмыз. Қазір Ақтөбе қаласы әкімдігінен жауап күтудеміз. Егер ескертуге құлақ аспайтын болса, әкімдік пен кәсіпкерлік нысанына тексеріс жүргіземіз. Заң бұзушылық анықталса, жауапты тұлға 300, ал жеке кәсіпкер 1 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейтін болады.

Еске салайық, қала іргесіндегі Қурайлы ауылының тұрғындары қайтыс болған адамды жерлеу үшін 105-110 мың теңге көлемінде ақша талап еткен мекеменің әрекетіне наразылық танытқан. Мәселеге қала басшылығы араласып, ортақ ымыраға келуге уағдаласқан болатын.  Ауыл тұрғындары қорымды пайдалану құқығын өзімізге қайтарсын деген талап қойып отыр.