Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Қызылжарлық жасотандықтар жатақханаларды аралап көрді

Қызылжарлық жасотандықтар жатақханаларды аралап көрді

Қызылжарлық жасотандықтар аймақтағы 25 жатақхананы тексеретін болды. Бүгін олар Солтүстік Қазақстан университетінде болып, студенттер үйінің әр бөлмесін аралады. Мақсат білім қуған жастарға жайлылық пен тазалықтың болғанын қадағалау, әрі қажетті техникалармен қаншылықты қамтылғанын бақылау. Мониторингтік топ бастаған бұл шара бір аптаға созылмақ.

Біржан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖҚ СҚО ТӨРАҒАСЫ:

Жылдың басында мониторинг жүргізген болатынбыз. Өрт сөндіру нормалары сай еместігі болғандықтан біз оларға ескерту жасаған болатынбыз. Бүгін солар жойылды ма, жойылған жоқ па соны анықтайтын боламыз.

 А. Құрманкин