Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шетелдегі қандастарға "Turkistan" газетінің "Atajurt" жобасы таныстырылды

AstanaTV
23.10.2020ж. 20:00
2295
Шетелдегі қандастарға "Turkistan" газетінің "Atajurt" жобасы таныстырылды

Шетелдегі қандастарға "Turkistan" газетінің "Atajurt" жобасы таныстырылды. Пандемияға байланысты кездесу онлайн өтті. Жаңа айдар "Nur Otan" партиясы,  "Отандастар қоры", Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қолдауымын ашылған. Ондағы мақсат басқа мемлекеттен қоныс аударған қандастардың проблемасын шешуге ат салысу. Газеттің бас редакторының айтуынша, бұл жоба енді алыс-жақын шетелдегі қандастарға да бағытталып отыр. Апта сайын шығатын БАҚ-та, шетте жүргендердің тыныс-тіршілігі мен жеткен жетістіктері тұрақты жарияланбақ.

Қуат ӘУЕСБАЙ, "TURKISTAN" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

Әлемнің алпауыт "Google", "Apple" жұмыс істейтін біздің жастарымыз бар. Олардың еңбегі елеулі және қазақстандықтарға, отандастарымызға таныстыруды біз өзімізге мақсат тұтып отырмыз.

А. Данияр