Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шымкенттегі барлық жатақхана жағдайы тексеріледі

AstanaTV
26.10.2020ж. 20:00
2001
Шымкенттегі барлық жатақхана жағдайы тексеріледі

"Jas Otan" жастар қанаты Шымкенттегі де жатақханалар жағдайын тексеріп жүр. Оқу орындары, білім іздеген жастарға қажетті жағдай жасай алды ма әлде ат-үсті қараған ба? Жасотандықтарға төтенше жағдайлар қызметі мамандары да қосылды. Олар, студенттер үйінде өрт қауіпсіздігі талаптары қаншалықты сақталғанын көріп білді. Бұл тексерістер қазанның 29-на дейін жүреді. Белсенді жастар Шымшаһардағы барлық 10 жатақхананы аралап шықпақ.

Мағжан ИСАХОВ, «JAS OTAN» ЖҚ ШЫМКЕНТ қ. ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жатақханадан егер кемшіліктер табылатын болса біз міндетті түрде арнайы хатпен министрлікке жолдайтын боламыз. Егер ол ескертулер өзінің шешімін таппайтын болса біз тағы да қосымша жұмыстар атқаратын боламыз сол кемшіліктерді жою бойынша.  Енді «Jas Otan» жастар қанаты бұл мониторингті алдағы уақытта тағы да жалғастыра беретін болады.

А. Төребекқызы