Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматыдағы техникалық жөндеу орталығында от шығып 12 көлік өртеніп кетті

AstanaTV
27.10.2020ж. 20:00
2047
Алматыдағы техникалық жөндеу орталығында от шығып 12 көлік өртеніп кетті

Алматыда көлік жөндеу орталығында от шығып, артынан жарылыс болды. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды бір сағат жүріп әрең сөндірген.

Өрттен бір адам зардап шеккен. Жеңіл күйік жарақатын алған орталық қызметкері осы уақытта ауруханада. Ал, оттан жиыны 12 автокөлік өртеніп кетті. Өрт сөндірушілердің айтуынша, 9 көлік орталық ішінде болған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Сараптама нәтижесінен кейін өртенген мүлік шығынын кім өтейтіні белгілі болады.

Руслан ҚАСЫБАЕВ, АЛМАТЫ қ.ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АПАТТЫҚ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

 
Өртте 12 автокөлік өртеніп кетті. Зардап шеккен бір азамат бар. Осы жерде жұмыс жасайтын қызметкер. Технический ожог алып больницаға алып кетті. Қазіргі кезде белгісіз. Өрт орында пожарная лабортория жұмыс жасауда. Болжам бойынша, тоқтың қысқа тұйықталуы.

Ә. Лесбек