$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордалықтар карантин талаптарын тиісті деңгейде сақтамай жүр

AstanaTV
28.10.2020ж. 20:00
1913
Елордалықтар карантин талаптарын тиісті деңгейде сақтамай жүр

Елордада карантиндік талаптарды елемейтіндер көп. Шектеу шаралары басталғалы бері 1600-ге тарта астаналықтың тәртіп бұзғандығы анықталды. Осыны ескере отырып, Есіл аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасы тұрақты рейдті қолға алып отыр. Ауданда орналасқан  сауда үйлері мен көңіл көтеру орындарын бұдан былай күнделікті тексеріп тұрамыз, дейді мамандар. Алғашқы тексерістер кезінде сан алуан ереже бұзушылық анықталды. Негізгі қойылатын талаптар арасында, кіре берісте клиенттер қызуын тексеру және тұтынушылардың медициналық бетпердемен жүруі бар.

Арман ҚҰРБАНОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 1600-дей рапорт түскен болатын. Соның ішінде 740-тай баянаттар бойынша бізде хаттамалар толтырылып айыппұлдар салынған. 166 миллион теңгеге салынды айыппұл. Соның ішінде Есіл ауданы бойынша 150-ге дейін хаттама толтырылып біз айыппұл салып, жазаға тарқан болатынбыз.

Тәртіпке бағынбайтындардың басым бөлігі мейрамханалар мен түнгі клубтар, дейді құзырлы орган өкілдері. Сан мәрте ескерту беріліп, қанша жаза қолданылса да кәсіпкерлер бағынатын емес. Полицейлердің айтуынша, рейдтік шара әсіресе демалыс күндері күшейтіледі. Тәртіпке бағынбаған азаматтарға 4 миллион теңгеге дейін айып салынады.

Мұрат СМАҒҰЛОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ  ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:

Айыппұл көлемдері егер ол жеке тұлға болса 80 мың теңгеден 4 миллион теңгеге дейін барып тұр ғой бұл бинеске нысандарына да байланысты. Кейбір түнгі клубтар қанша айыппұл  салсаңыз да соған көнбей жатқандары бар.


А. Данияр