Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Шымкентте жергілікті дүкендерде жасанды спирттік ішімдіктер сатылып келген

AstanaTV
29.10.2020ж. 20:00
1803
Шымкентте жергілікті дүкендерде жасанды спирттік ішімдіктер сатылып келген

Пандемия кезінде арақ саудасы қызып тұрғанға ұқсайды. Өйткені, алкольді ішімдік жасайтын жасырын цехтар көбейіп келеді. Соның бірі Шымшаһардан анықталды. Экономикалық тергеу департаменті мамандары астыртын цехтан жасанды 18 түрлі алкоголь өнімін тапты. Акциздік маркасы жабысқан 7 мың шөлмекке саудаға дайын тұрған. Бұдан бөлек 15 тонна спирт, бос шөлмектер және түрлі этикеткалар табылып отыр. Жасырын цех өз өнімдерін жергілікті азық-түлік дүкендеріне үлестіріп жүргені белгілі болды.

Камилхан ИСМАИЛОВ, ШЫМКЕНТ қ. БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ  БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:


Қазіргі уақытта, қылмыстық іс шеңберінде осы іске қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Тиісті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізілуде.

А. Төребекқызы