Жылдап күткен тротуар үгітіліп, бордюры құлап жатыр. Қызылорда облысы Жаңақорған кентінің тұрғыны арнамызға осындай шағым айтты. Сөзіне қарағанда, Сырдария көшесіне жаяужолдың төселгеніне бірнеше күн ғана болыпты. Бірақ ол бүгіннің өзінде қопарылып датқан көрінеді. Сөзі дәлелді болу үшін көрерменіміз видео түсіріп жіберіпті.
Мұнда құдық бар екен, бетін жауып, мына бетіне ештеңе салмай кеткен. Ол бір, екіншісі: мынаның асты цемент болу керек. Ал олар жәй ғана қазып, топырақпен көміп кеткен.
Тротуар тарту жұмысына мердігер компания неге ат үсті қарады? Осы сұрақпен біз Жаңақорған әкімдігіне хабарластық. Қазір бізбен байланыста әкім орынбасары Нұржан Сүлейменов. Қайырлы кеш, Нұржан Асқарұлы! Мына сұраққа жауап беріңізші алдымен, осындай күйдегі тротуарды әкімдік қалайша қабылдап алды?
Нұржан СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Тротуар салу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр, бірақ әлі қабылданған жоқ. Бірнеше кемшіліктер анықталды, қазір соны қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мердігер компанияның егер жұмысына салғырт қарағаны дәлелденсе қандай шара қолданасыздар?
Нұржан СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бүгінгі таңда ол мердігер мекемені Қызылорда облысы ауданаралық экономикалық сотына жолдадық. Қазір сот процесі жүріп шатыр, соның шешімімен тиісті шешім қабылданатын болды.
Енді бұл тротуар қашан жөнделеді? Жаңақорғандықтар биыл көре ме ол жолды?
Нұржан СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Әрине, жоспар бойынша шілде айында қабылдау жоспарланған еді, кемшіліктерді көрдік. Келесі айдың ортасына дейін қалпына келтіріп, қабылдаймыз деп отырмыз.
Сұхбатыңызға рақмет, Нұржан Асқарұлы! Бұл мәселе көп ұзамай, қыс түспей шешіледі деп сенеміз. Қымбатты көрермен, сізді де толғандырған проблема болса - экранда көрсетілген байланыс нөміріне хабарласып, аудио немесе видео жолдаңыз. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейміз.
Ә. Өмірзақ