Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Үш күн адасқан ақтөбелік аңшы қалың қамыстың арасынан аман табылды

AstanaTV
30.10.2020ж. 20:00
3669
Үш күн адасқан ақтөбелік аңшы қалың қамыстың арасынан аман табылды

Аралға құс атуға барған ақтөбелік аңшы жоғалып кетіп үш күн дегенде зорға табылды. Сыр өңірінің құтқарушылары оны қалың қамыстың арасынан тапқан. Аң атуға ол аралдық екі досымен шыққан. Алайда, бір бірінен көз жазып қалыпты. Адасқан аңшы мен сабылған құтқарушылар туралы Мөлдір Тоқтасынқызы тарқатсын.

Үш аңшы Аралдан осыдан үш күн бұрын шыққан. Мақсаттары қамыс арасынан жабайы құс атып алу еді. Алайда, ақтөбелік қонақ жоғалып кетіп екі аңшы табандарынан әбден тауысылыпты. Нәтиже шықпаған соң құтқарушылар көмегіне жүгінген. Төтенше жағдай қызметі мамандары, адасқан аңшыны қалың қамыстың арасынан тапты. Ол жоғалған жерінен 8 шақырымға алыстап кетіпті.

Руслан ЖҮСІПОВ, АҢШЫ:


Аман-сау қалдық, тірі болдық. Жігіттерге де рахмет үлкен. Шықты, іздеді, табылдық. «Аргомен» шығарып берді, қамыстан.

Жер-суды ажыратып үйренген аңшыны қалың қамыс адастырған екен. Руслан Жүсіпов, нәр татпай балшық кезіп үш тәулік жүрген.

Нұрсұлтан ИБРАГИМОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ ММ БАСТЫҒЫ:

Осындай жоғалу фактілерінің орын алу себептері, азаматтардың қауіпсіздік ережесін сақтамауы. Яғни, осындай іс-шараға шыққан кезде дайындық байланыс құрал-саймандармен жабдықталмауы. Сонымен қатар, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан келіп туындайды.

Сыр өңірінде аңшы-балықшылар жиі жоғалып жүр. Жыл басынан бері мұндай 37 дерек тіркеліпті. Соның екеуі ғана үйіне аман оралды. 35 адамның мәйіті судан табылған екен.

М.Тоқтасынқызы