$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Түркістан облысының тұрғыны Қызыл кітапқа енген құсты атып алғаны үшін істі болды

AstanaTV
30.10.2020ж. 20:00
5212
Түркістан облысының тұрғыны Қызыл кітапқа енген құсты атып алғаны үшін істі болды

Сыр өңірінде заңды аңшылар жоғалып-табылып жатса Түркістанда браконьерлер қызыл кітапқа енген құстарды қырып жатыр. Жақында соның бірін кентаулық полицейлер қорықшылармен бірге қуып жүріп ұстады. Күдіктінің көлігінен құрып бара жатқан, «қарабауыр буылдырық» құсы табылды. Заңсыз аңшы қолхатпен үйіне жіберілді, бірақ үстінен іс қозғалып сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмысы дәлелденіп жатса, қолданыстағы заңға сәйкес оның мүлкі тәркіленіп 6 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айып пұл төлеуі мүмкін. Немесе 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығы шектеледі.

Мардан БАТЫР, КЕНТАУ қ. ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ:

Тексеру барысында Түркістан қаласының А. есімді азаматы өзінің автокөлігінің ішінен Қазақстан Республикасының қызыл кітабына енген екі дана қарабауыр буылдырық құстары және өзіне тиесілі 12 калибрлі қосауызды мылтығы табылды.

А. Төребекқызы