$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Карантинге қарамай Сүндет тойын жасап, көкпар берген азамат жауапқа тартылды

AstanaTV
02.11.2020ж. 20:00
2687
Карантинге қарамай Сүндет тойын жасап, көкпар берген азамат жауапқа тартылды

Пандемия күшейген сайын қазақтың тойы да көбейіп келеді. Алматылық 38 жасар азамат жақында Сүндет тойын өткізіп, көкпар беріпті.

Бұл видео әлеуметтік желіде желдей есті. Лақ тартыстың қызығына кірген көкпаршылар, Алматы - Жандосов тас жолын жауып, көліктердің жүрісіне кедергі келтіріпті. Патрульдік полиция араласуымен ғана жол қозғалысы жанданған. Көп ұзамай той иесі де табылды. Полиция бөлімінде оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Ақбота ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Осы ойынды ұйымдастырған Долан кентінің 38 жастағы тұрғынын полицияға жеткізген болатын. Анықталғандай ұсталған азамат 5 жасар ұлының сүндеттелуіне орай ешбкір карантиндік шараларды елемей көкпар ұйымдастырған екен.

А. Кемелжан