Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Алматыда жол ережесін бұзған үш жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті

AstanaTV
05.11.2020ж. 20:00
1903
Алматыда жол ережесін бұзған үш жаяу жүргіншіні автобус қағып кетті

Алматыда қоғамдық көлік қатысуымен қайғылы жол апаты болды. Қызыл шамға өтіп бара жатқан адамдарды автобус қағып кетті. Салдарынан 5 жасар қыз бала басынан ауыр жарақат алып ауруханаға түсті. Дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ, деп отыр. Негізі оңтүстік астанада соңғы кездері жол апаты жиілеп кеткен. Тек соңғы айдың өзінде Алматыда 70-ке тарта адам жол апатынан қаза тауыпты. Әсем Лесбек тақырыпты жалғастырады.

Жол апаты кеше кешкі қарбаласта, Абай мен Жароков көшелерінің қиылысында болған. Бағыттағы нөмірі 25-ші автобус үш адамды қағып кетті.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұл 1983 жылғы туған азаматша және оның бес жасар қызын. Алдын-ала болжам бойынша бұл екі жүргінші жолды қызыл бағдаршамға өтпек болған. Қазіргі таңда Алмалы аудандық полиция басқармасында осы істі тергеуге кірісіп кетті. Сот медициналық сараптама тағайындалады.


Апаттан зардап шеккендер осы уақытта ауруханада. Дәрігерлердің айтуынша, басынан ауыр жарақат алған 5 жасар қыздың жағдайы қазір орташа. Ал, анасы ақ халаттылардың көмегінен бас тартыпты.

Алуа ЖЕКСЕНОВА, АЛМАТЫ қ. БАЛАЛАР ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Кішкентай қызды мамандар толық тексеріп шықты. Ол, басынан жарақат алған. "Ми шайқалды", деген диагноз қойылды. Ал, анасының жарақаты жеңіл.

Апаттан автобус ішіндегі жолаушылардың бірі зардап шегіпті. Оның жағдайы белгісіз. Полиция департаменті деректеріне қарағанда, Алматыда жаяу жүргіншілер жиі ереже бұзатын болған. Олардың арасында, белгіленбеген жерден жүгіріп өтетін балалар да бар.

Ережені жүргіншілер бұзғанның өзінде көлік жүргізушілері жиі жауапқа тартылады. Осы жолы до солай. Зардап шеккендердің жағдайы ауырласа, автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Жол-көлік оқиғалары өкінішке орай азаймай тұр. Ресми деректерге қарағанда соңғы бір айдың ішінде, бір ғана Алматыда 16 мыңнан аса жол апаты тіркелген. 70-ке жуық адам қаза тауып, 3 мыңнан аса адам түрлі дене жарақатын алды. Олардың ішінде балалар да бар. 500-ге жуық бала жапа шегіп, 5 жеткіншек қаза болған.

Ә. Лесбек