$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Онлайн сауданың көрігін алматылықтар қыздырып тұр

AstanaTV
05.11.2020ж. 20:00
2113
Онлайн сауданың көрігін алматылықтар қыздырып тұр

Карантин кезінде қазақстандықтар денсаулықтарына көбірек көңіл аударатын болған. Сұлулық пен денсаулыққа арналған гаджеттерге сұраныс 50% - ға артыпты. Мұны, AliExpress сарапшылары айты деп хабарлайды "Курсив" порталы.

AliExpress САРАПШЫЛАРЫ:

Карантин режимі енгізілгенге дейін де ұялы телефондар жиі сатылатын. Қазіргі уақытта да солай. Алайда, елдің денсаулық күтіміне көңіл бөле бастағанын байқаймыз. Сұраныс бұрынғыдан қарағанда екі есеге жоғары. Қазақстандықтар биометриялық заттарды оның ішінде: қан қысымын тексеретін құрылғыларды және әртүрлі массаж құралдарына жиі тапсырыс беріп жүр.

Пандемия кезінде, сондай-ақ ел құрылыс тауарлары жиі көңіл аударатын болыпты. Онлайн дүкендерде, медициналық құралдардан кейін жиі сатылатын заттар ішінде автокөлік бөлшектері бар. Ең белсенді тұтынушылар Алматыда көрінеді. Үйден шықпай сауда жасайтын қалалар ішінде Елорда екінші орында. Ал, үшінші орында Қарағанды, Шымкент және Павлодар қалалары орналасқан.